Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
505 материал табылды

Әдебиет • 14 Наурыз, 2022

Ауыл шетіндегі үй

Өмірден ерте өткен талантты жазушы Жақсылық Түменбаев осы повесімен әдебиет есігін еркін ашып, оқырмандарының ықыласына бөленді. Бұл шы­ғармада қазақ ауылының бейнесі, сонда өмір сүрген адамдардың тағдыры, мінез-құлқы, пейілі, жалпы, сол кездегі қоғам қайшы­лығы айшықты суреттелген. Осы жайында сыршыл сурет­кер Сафуан Шәймерденов «Тас­жарған немесе екі туынды» атты мақаласында: «Мен Жақсылық Түменбаевтың «Жұлдыз» журналында басылған «Ауыл шетіндегі үй» повесін бұрын да оқыған едім. Ол повестің ұнағаны соншалық, газет, журнал беттерінен осы авторды әманда іздеп жүретінді шығарғанмын» деп жазады.

Ең қысқа әңгіме • 09 Наурыз, 2022

Қариялық қасиет

Біздің ауылда Есімсейіт деген қария болды. Біртоға, парасатты, сөзі елге өтімді, кісілігі зор адам еді. Жұрт «Ел ағасы – Есекең» деп қадір тұтатын. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, одан кейінгі қиыншылық жылдары колхоз басқарып, ел еңсесінің көтерілуіне үлесін қосқан.

Қоғам • 08 Наурыз, 2022

Ақынды дәріптеген көрме

Биыл Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хәкімжанованың туғанына 115 жыл толады. Соған орай елордадағы Ұлттық музейде «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретші әйелдер қорының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін игі дәстүрге айналған «Таң Шолпан» атты көрме өтті.

Руханият • 06 Наурыз, 2022

Ана мейірімі

Осы суретке көз алмай қараймын. Жаныңызды баурап алатын бір сырлы сұлулық бар. Бойыңызды сағыныш билеп, нәзік әуенге елтігендей күй кешесіз. Көз алдыма анамның жас кез келді. Бір қарағанда, ұқсайтын секілді. Керімсал дала, жайқалған көк майса. Арғы жағынан таулардың сұлбасы ағараңдайды. Ошақта жанған от үстіндегі қазанға қарап, мейірімді жас ана ойға батқан. Не ойлап отыр екен дейсіз... От –деген өмір. Өмірдің ұйытқысы –ана. Осы екі ұғым бір-бірімен сәтті үйлесім тапқан.  

Театр • 03 Наурыз, 2022

Симфониялық оркестрдің дебюті

Жуырда «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің алғашқы концерті өтіп, оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысып, жаңа өнер ұжымына табыс тіледі.

Өнер • 03 Наурыз, 2022

Жұбановтар әлемі

«Астана Операның» Күләш Бәйсейітова атындағы камералық залында көрнекті композитор, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Ғазиза Жұбанованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Жұбановтар әлемі» атты музыкалық кеш өтті. Мазмұнды іс-шараны Қазақстан Композиторлар одағы ұйымдастырды.

Қоғам • 01 Наурыз, 2022

Ең ғажайып шана

Биылғы Балалар жылы аясында елордадағы Алматы ауданы әкімдігі «Ақбұлақ» мұз айдынында 5 пен 7 жас аралығындағы балаларға арнап «Ең ғажайып шана» атты қызықты байқау өткізді.

Өнер • 28 Ақпан, 2022

Әлем көшірмесін бейнелеген...

Елбасы кітапханасы­ның көркемсурет галерея­сын­да талантты суретші Гүл­­марал Тәтібаеваның «Ойтолғау» атты же­ке көрмесі ашылды. Маз­мұн­ды шара «Тәуел­­сіз­­­діктің мәдени ко­ды» жо­басын жүзеге асыру аясында ұйымдас­ты­рылды.

Қоғам • 23 Ақпан, 2022

Бос мақтанға құмарлық

Осыдан  екі-үш жыл бұрын астанада белгілі ғалымның мерейтойлық кеші өтті. Сондағы бір көрініс есімде қалып қойды. Кеште алдымен сөз алған жүргізуші жігіт мерейтой иесін мақтап, аспандата жөнелді. Барлық алған атағы мен жазған кітаптарын тізді, қыза-қыза оны өмірден өткен ұлы тұлғалармен теңестіруге дейін барды. Сол кезде ғалым ағамыз шыдамай кетті ме, орнынан тұрып: «Айналайын, тонды төмен алып сөйле, ұят болады» деді.

Қоғам • 23 Ақпан, 2022

«150 жылдыққа −150 шақырым»

Таяуда астанада Ахмет Байтұрсынұлының айтулы мерейтойына арналған «150 жылдыққа − 150 шақырым» атты алғашқы қысқы веломарафон өтті. Оған танымал велошабондоз, журналист Ернат Мелсұлы қатысып, жалғыз өзі елордадағы Триатлон паркінде елу айналым жасап, 150 шақырымды еңсерді.