Қоғам • 01 Наурыз, 2022

Ең ғажайып шана

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы Балалар жылы аясында елордадағы Алматы ауданы әкімдігі «Ақбұлақ» мұз айдынында 5 пен 7 жас аралығындағы балаларға арнап «Ең ғажайып шана» атты қызықты байқау өткізді.

Ең ғажайып шана

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау отбасылық болғандықтан оған ата-аналарда үлес қосты. Іс-шараның мақсаты: отбасылық құндылықтарды сақтау, саламатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ Алматы ауданындағы қысқы демалыс түрлерін көрсетуді көздеген.

Байқауға бас-аяғы 23 команда қатысып, олар өздері әсемдеп әкелген қысқы шаналарын жұртшылыққа ұсынды.

«Ұлым «Айналайын» балабақшасына барады. Бай­қауды естігенде оған бірден қатысуға бел будым. Шананы безендіруді ұзақ уақыт ойлан­дық. Наурыз мерекесі жақын қалған­дықтан шанамызды киіз үйге ұқсатып, сәндедік», дейді қала тұрғыны Арман Есмағам­бетов.

Ал Айша Жұмахметова осындай байқауларға отбасымен қатысқанды жақсы көреді екен. «Біз мұнда тек жеңіс үшін келдік» деп алдымен күліп алған ол: «Біз шанадан пираттық кеме жасадық. Оған екі күн уақытымыз кетті. Алайда шанадан жасаған кемеміз ойымыздан шықты. Осындай мазмұнды іс-шаралар көбірек өтіп тұрса, балалар да спортқа қызығып, уақытын көңілді әрі тиімді өткізеді», дейді.

Сонымен байқау қорытын­дысында «Ең ғажайып шана», «Ең жылдам шана», «Ең ұйым­шыл отбасы» аталымдары бо­йынша жеңімпаздар анық­талып, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15