Әдебиет • 15 Қараша, 2023
Қазақ мәдениетінің тұтас бір дәуіріне төңкеріс жасаған тұлғалар туралы сөз қозғалғанда олардың жүрегін жаулап, қиялына қанат байлаған сұлуларды да әсте естен шығаруға болмайды. Сондай сұлудың бірі – Ілия Жақановтың өмірлік музасына айналған «Меңді қыз» – Тиышкүл апай.
Театр • 14 Қараша, 2023
Мәскеу биігіне көтерілген «Жібек саты»
Әлемді үздік ізденісімен тәнті етіп жүрген бекзат өнер ордасы – «Астана Опера» театрының талантты труппасы Мәскеуде өткен «Музыканы көру» VIII музыкалық театрлар фестивалінде табысты өнер көрсетіп қайтты. ХХ ғасырдағы біртуар опера әншісі Галина Вишневскаяның әйгілі опералық ән айту орталығына жиналған талғампаз көрермен астаналық театр ұжымы ұсынған Дж.Россинидің «Жібек саты» спектакліне тамсана қол соқты.
Сұхбат • 05 Қараша, 2023
Гүлжамал Қазақбаева: Күлкімді де, көз жасымды да сахнаға сақтаймын
Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына жол түскен сайын әңгімелесіп қалуға, сырлы сұхбаттарын санаға сіңіріп қалуға тырысатын жақсы адамдар бар. Сондай жанның бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Гүлжамал Қазақбаева. Сахнада сан түрлі бейне тудырып, халқының ықыласына бөленіп жүрген өнер иесі өмірде, керісінше, томаға-тұйық тірлікті сүйеді, жарқ-жұрқ жарнамадан жанын алшақ ұстайды. Мұның сырын актрисаның өзі «Жанымды кірлетіп алудан қорқамын», деп түсіндіреді. Жарты ғасырдан астам ғұмырын киелі сахнаға қызмет етуге арнаған сахнагер өнердегі өнегелі өмір өрнектерінен сыр шертті. Тағдырдың сыйы мен тауқыметін теңдей көтерген қайсар жанның жансарайы да дәл өзіндей шынайы, өнеріндей көркем.
Театр • 31 Қазан, 2023
Елордадағы ең көне театрлардың бірі саналатын М.Горький атындағы академиялық орыс драма театры ұзақ уақытқа созылған күрделі жөндеуден кейін төл ғимаратында 123-маусымының шымылдығын ашты. Шығармашылық ұжым тамаша сәтті тағатсыздана күткен көрермендеріне Қ.Жүнісов пен И.Сединнің «Әлия» тарихи драмасын тарту етті.
Театр • 31 Қазан, 2023
Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында тағы бір туындының тұсауы кесілді. Ол – ұлттық классикамыздың қастерлісі «Қыз Жібек»!
Тұлға • 27 Қыркүйек, 2023
Шерхан Мұртаза десек, шындық ұғымының да қатар айтылуы қалыпты жағдайға айналып кеткені қашан. Әр туындысы өткірлік қана емес, шынайылығымен де баурап алатын жазушы қаламының қуаты қай кезде де оқырманын бейжай қалдырып көрген емес. Болмысындай шығармалары да мінезді суреткердің әр сөз бен сөйлемінің астарынан мың сан сырды ұғуға, ұқтыруға болады.
Руханият • 26 Қыркүйек, 2023
Тоқтар ӘУБӘКІРОВ: Қазақ – намыстан жаралған халық
Тарихты жасайтын тұлғалар бар. Қазақ қазақ болғалы киелі топырақтан түлеп ұшқан талай тарланның тарихты таңғажайып бағытқа өзгерткеніне де уақыт-ағзам куә. Ел егемендігі туралы ой қозғалса сөзсіз Тоқтар Әубәкіров есімінің аталуы бүгінде заңдылықтай қабылданады. Өйткені Тоқтар – қазақтың айбыны, ұлтымыздың мақтанышы! Кеше газет редакциясында ұлт ұғымына айналған даңқты тұлғамен тағылымды кездесу болып, тұңғыш ғарышкер туралы жазылған журналист Талғат Сүйінбайдың екінші кітабының таныстырылымы өтті.
Театр • 13 Қыркүйек, 2023
Ғалым АХМЕДЬЯРОВ: Жаңа маусымда ұлттық репертуарымыз артады
Он жылдық белесін табыспен тәмамдаған «Астана Опера» ұжымы күні кеше жаңа маусымының шымылдығын түрді. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің әйгілі «Абай» операсымен ашылған театрдың жаңа маусымда да жаңалығы мол. Өнер ордасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров театрдың алдағы жоспарын айтты.
Тарих • 29 Тамыз, 2023
Шәмші мен сыған қызы: анығы һәм аңызы
«Қазақ вальсінің патшасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың қай әні де жүректі тербетер сырлы сазымен ғана емес, қызықты тарихымен де тыңдарманын елітіп әкетеді. Әр әнінде әсемдік әдіптеліп, сыршылдық әспеттелетін композитор туындыларының ішінде әсіресе «Сыған серенадасының» орны ерек. Сазы да, сыры да бөлек туынды жарыққа шыққанынан-ақ ән төңірегінде түрлі әңгімелер де қатар ерді.
Сұхбат • 22 Маусым, 2023
Лидия Кәденова: Тағдырым театрға таңылған
Драма, комедия, трагедия. Актриса театр өнерінің аталған осы басты үш жанрын тек сахнада ғана сәтті сомдап қойған жоқ, өмір ұсынған осынау көңілдің түрлі сәттерін пешенесіне бұйыртқан тағдыр-тақтасында да теңдей көрді, қайыспай көтерді. Ол бақытты сәттерінде дандайсып, болмаса жеңілген, қайғырған кездерінде морт сынып кетпеді. Драмаға толы өмірінің әр сәтін аялай һәм бағалай білді. Өзіне бұйырған рөлдерін абыроймен алып шықты. Күні бүгінге дейін сол тұғырынан түспей келеді. Себебі ол өнерде қандай талантты актриса болса, өмірде дәл сондай парасатты, терең адам. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Лидия Кәденованың көңіл пернесін басып көрдік. Сыңғырлаған сұлу үн салиқалы сырларын төге жөнелді.