Дау
Президент • Кеше
Президент: Жасанды интеллект жойқын ақпараттық қаруға айналды
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдау кезіндегі сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев аталған форматтың қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде өзара үйлесімді, нақты шешімдердің үлгісі болатынына сенімді екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Мамыр, 2026
Мұрат Ергешбаевтың Парламенттегі орнына кім келді?
Жуырда Қызылорда облысына әкім болып тағайындалған бұрынғы Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевтың орнына Берік Бейсенғалиев келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Мамыр, 2026
Үндістандағы табиғи апат: Жойқын дауылдан 89 адам қаза тапты
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында болған қатты дауыл мен нөсер жаңбыр 89 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Мамыр, 2026
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт арзандады. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты хабарлар себеп болып отыр. Тараптар қақтығысты бәсеңдету және Ормұз бұғазын ішінара ашу мәселесін талқылап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Мамыр, 2026
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Мамыр, 2026
Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын тағайындады
Мемлекет Басшысының Жарлығымен Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Қажманұлы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Мамыр, 2026
Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды
Қазақстан Президенті Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Мамыр, 2026
Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзақты зақымдап кеткен
Шығыс Қазақстан облысында сирек кездесетін жыртқыш – қар барысын зерттеу мақсатында кешенді далалық экспедиция жүргізілді. Жұмысқа Катонқарағай ұлттық паркінің мамандары, Аршаты орманшылығының мемлекеттік инспекторлары және Қазақстанның Зоология институтының ғалымдары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Мамыр, 2026
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың мәліметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Мамыр, 2026
Комадағы науқастарға әлеуметтік көмек рәсімі жеңілдетіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі критикалық жағдайға түскен азаматтардың отбасыларына көмек көрсету рәсімдерін жеңілдетуді көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2026
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысының 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына, сондай-ақ Алғысына үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2026
Аттестаттаудан өтпеген жеке сот орындаушылар лицензиясынан айырылады
Қазақстанда жеке сот орындаушылары институтын жетілдіруге бағытталған заң жобасы мақұлданды. Құжат аясында жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын талаптарды күшейту және оларды бақылау тетіктерін жетілдіру көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Сәуір, 2026
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Соңғы аптада жайдарманшы және филолог мамандардың Қазақстан күрес федерациясына жауапты қызметтерге тағайындалуы әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2026
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Үкімет отырысында медициналық құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетуге арналған «Ascle» стартап жобасы таныстырылды. Жоба дәрігер жүктемесін азайтып, пациент қабылдау тиімділігін арттыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті
Павлодар облысы аумағында болған қолайсыз ауа райы салдарынан тұрғындар жарақат алды. Күшті жел кезінде ұшқан құрылыс материалдары мен құлаған ағаш бұтақтары адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Алматы қаласында жүргізілген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушысының бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталып, сот үкімімен жаза тағайындалды. Қаржылық заңбұзушылықтың нақты схемасын қалалық прокуратура әшкереді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметінің сілтеме жасап.
Президент • 23 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы, CLAAS Group байқаушылар кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қазақстанда тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет есебінен жабу бағдарламасына маңызды өзгерістер енгізілді. Жаңа ережелердің мақсаты – заңсыз қосалқы жалдау мен жалған тұру фактілеріне тосқауыл қою, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін көмекті жетілдіру мәселесі Үкімет деңгейінде қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, тиісті министрлікке нақты тапсырмалар жүктеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2026
Жерде магниттік дауыл басталды
Ғалымдардың болжауынша, геомагниттік толқулардың ең белсенді кезеңі алғашқы екі тәулікке созылмақ. 18 сәуір күні Жер бетінде G1 деңгейіндегі магниттік дауыл басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 13 Сәуір, 2026
Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Шерхан Талап Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Сәуір, 2026
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Үкіметтің қаулысымен Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 10 Сәуір, 2026
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 09 Сәуір, 2026
«Amanat» партиясы Кәсіпкерлер қанатын құрды
Ірі бизнес «AMANAT» партиясын қолдады. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан ҚошановКәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестірукеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Іс-шараға мыңдаған компания мен миллиондаған адамды біріктіретін бизнес-қоғамдастық пен ірі салалыққауымдастықтардың өкілдері қатысты. Партия мен бизнес елдің тұрақты әрі орнықты дамуы үшін, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер жасау, экономиканың өсуін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың табысын арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істейтін болады.Отырысқа партияның өңірлік филиалдары бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2026
Еліміз әлеуметтік қолдау бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету деңгейі бойынша алдыңғы орынға шықты. Елдегі мемлекеттік қолдау тетіктері көрші мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай кең әрі қаржылық тұрғыдан жоғары деңгейде жүзеге асырылып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 06 Сәуір, 2026
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан қытайлық қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді
Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.