е
Үкімет • Кеше
Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп пен энергетика, көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • Кеше
Елордада республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Астанада 9-11 (12) сынып оқушылары арасында физика және биология пәндері бойынша өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталып, үздіктерге құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, жеңімпаздарға алтын медаль табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • Кеше
Жамбылда 105 жас педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды
Жамбыл облысында білім беру саласын білікті кадрлармен толықтыруға бағытталған жаңа бастама нәтижесін беріп отыр. Жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерді конкурссыз жұмысқа қабылдау тәжірибесі арқылы жас мамандар мектептерге тікелей орналастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Ақтөбеде полицей шетелдік азаматқа көмек көрсетті
Ақтөбе облысында көлігі бұзылып, жолда қалған Қытай азаматына полицей дер кезінде көмек көрсетіп, оның сапарын жалғастыруына жағдай жасады. Шетелдік азамат көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • Кеше
Қарағандылық майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды
Қарағанды қаласында екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Александр Ильич Балабас ғасырлық мерейтойын атап өтті. Құрметті датаға орай әскери қызметшілер ардагерді арнайы құттықтап, Қорғаныс министрінің хатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • Кеше
Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды
Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қызметінен босатты
Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • Кеше
Ұлттық білім академиясы экологиялық білім стандартын әзірлеп жатыр
Жаңадан қабылданған Конституцияның 3-бабында экологиялық мәдениет іргелі құндылық ретінде айрықша мәнге ие деп көрсетілген. Осы тұрғыда Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім беру жүйесінде экологиялық құндылықтарды білім мазмұнына кіріктіру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • Кеше
Үстел теннисі: Кирилл Герасименко ел чемпионатында үш алтын еншіледі
Қазақстан чемпионаты Алматыда өтіп, 24 наурызда аяқталды. Турнирде ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко жекелей сында, жұптық бәсекеде және аралас жұптар арасында топ жарды. Бұл додада ол үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • Кеше
Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік әзірлігі тексерілді
Ақтау гарнизонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік, техникалық және жедел әзірлігін жан-жақты тексерді. Іс-шара барысында кезекшілікті ұйымдастыру, жауынгерлік дайындық және бөлімшелердің тыныс-тіршілігіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • Кеше
Қазақстан мұнай өңдеу қуатын 2 есеге арттыруды көздеп отыр
Халықаралық CERAWeek конференциясында Қазақстан мұнай-газ саласын дамытудың негізгі бағыттарын ұсынды. Іс-шара барысында елдің жаһандық энергетика нарығындағы орны мен алдағы жоспарлары кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Ирандағы АЭС маңына тағы соққы жасалды
Иранның оңтүстігіндегі «Бушер» атом электр станциясы маңында кезекті әуе соққысы тіркелді. Ресми деректерге қарағанда, шабуыл АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған, алайда нысанның өзіне зақым келмеген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Грекия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметініе сілтеме жасап.
Бокс • Кеше
Серік Сәпиев лауазымды қызметке тағайындалды
Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы Президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесші қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Тұман, көктайғақ, қатты жел: 25 наурызға арналған ауа райы болжамы
25 наурызда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталғанымен, бірқатар өңірлерде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Ең алдымен Қазақстан және Түркия президенттері Ораза айт пен Наурыз мерекелеріне орай бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Наурыз, 2026
Қазақстан альпинизмінің аңызы: Ерванд Ильинскийдің еңбек жолы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен атақты альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары мемлекеттік атағы берілді. Бұл марапат оған альпинизмдегі зор жетістіктері, спортты дамытуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Наурыз, 2026
Қазақстанда жеке хаттарға бақылау жасала ма?
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қаржылық мониторинг агенттігі мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі жеке хаттарды толық бақылауға алады деген ақпарат тарады. Алайда Қаржылық мониторинг агенттігі бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Наурыз, 2026
Жаңа жеңілдетілген ипотека кімдерге беріледі?
2026 жылғы 24 наурызда Қазақстан Үкіметі көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа ұлттық жобаны жариялады. Бұл бастама тек елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, сала қызметкерлері үшін жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік береді. Жобаны Премьер-министр Олжас Бектенов бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2026
Ташкент – Атырау бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
Uzbekistan Airways әуе компаниясы 29 наурыздан бастап Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа тұрақты рейсті іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Наурыз, 2026
Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жоққа шығарды
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи соңғы 24 күн ішінде елдің АҚШ-пен ешқандай байланысқа шықпағанын айтты. Оның сөзінше, Иранның Ормұз бұғазы мен соғысты тоқтату шарттары бойынша ұстанымы өзгермеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2026
Қазақстан Shell және Eni компанияларымен бірлесіп газ өңдеу зауытын салудан бас тартты
Қазақстан Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытын салу жоспарын қайта қарап, жобаны бұрынғы форматта жүзеге асырмайтынын ресми түрде мәлімдеді. Негізгі себеп – операторлардың инвестициялық соңғы шешімді ұзақ уақыт қабылдамауы және жобаның құны мен экономикалық тиімділігіне қатысты келіспеушіліктер болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Атыраудағы түрмеде тұтқын төбелестен кейін көз жұмды
Атырау облысындағы түзету мекемелерінің бірінде төбелестен кейін сотталған адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Наурыз, 2026
Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
Президент Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Наурыз, 2026
Елімізде соңғы екі айда 200-ден астам егіз бала дүниеге келді
Қазақстанда соңғы екі айда 200-ден астам егіз сәби өмірге келген. Статистикаға көз салсақ, 2025 жылы елде 3 367 жұп егіз және 25 үшем туған. Көрсеткіштердің салыстырмалы түрде жоғары болуы еліміздегі репродуктивтік денсаулық пен медициналық қызметтердің сапасы артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 24 Наурыз, 2026
Арзан бензин артықшылық па әлде экономикалық тәуекел ме?
Қазақстан әлемде бензин бағасы ең төмен елдердің қатарында тұр. GlobalPetrolPrices мәліметінше АИ-95 бензині литріне шамамен 0,51 АҚШ доллары тұрады (2026 жылғы 16 наурыздағы есеппен). Бұл әлемдік орташа деңгейден үш есе арзан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Блогер Ильяр Ювашевқа іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Ильярға (Ильяр Ювашев) мемлекетаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Ол заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2026
Еліміздегі екі әуежай әлемдегі ең үздік 100 әуежайдың қатарына енді
Астана және Алматы әуежайлары әлемдегі ең үздік 100 әуежайдың қатарына кірді. Бұл туралы AirlineRatings халықаралық порталының деректерінде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Өскеменде патрульдік полицияға шабуыл жасалды
Өскемен қаласында екі ер адам жасөспірімге көмекке келген патрульдік полицейге шабуыл жасаған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 24 Наурыз, 2026
Елена Рыбакина Майамидегі ірі турнирде ширек финалға шықты
Әлемнің екінші ракеткасы, Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан Miami Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.