сан
Технология • 03 Ақпан, 2026
ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты
Жыл сайын миллиардтаған құс құрлықтар мен мұхиттарды кесіп өтіп, мыңдаған шақырымдық сапарға шығады. Бұл құбылыс табиғат көрінісі ғана емес, экожүйелердің тепе-теңдігін сақтауда шешуші рөл атқарады. Алайда климаттың өзгеруі, урбанизация және мекен ету ортасының жойылуы қоныс аударатын құстардың тіршілігіне елеулі қауіп төндіріп отыр. Бұрын ғалымдар құстардың көшуін зерттеу үшін негізінен көзбен бақылау мен белгі тағу әдістеріне сүйенетін. Бұл тәсілдер көп уақытты талап етіп, кең ауқымды мәлімет беруге мүмкіндік бермейтін. Қазір бұл салаға жасанды интеллект батыл қадаммен еніп, зерттеу әдістерін түбегейлі өзгертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2026
Астана халқы бір жылда 100 мыңнан астам адамға көбейді: Өңірлердегі ахуал қандай?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті. Бір жыл ішінде ел тұрғындарының саны 212 576 адамға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 31 Қаңтар, 2026
«Figure AI» бүкіл денені басқаратын робот миын таныстырды
«Figure AI» компаниясы адамтектес роботтарға арналған басқару жүйесінің жаңа нұсқасы «Helix 02» нейрожелісін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 30 Қаңтар, 2026
«Миланның» бұрынғы ойыншысы «Жеңіс» футбол клубына ауысты
Жартылай қорғаушы Александр Меркель астаналық «Жеңіс» футбол клубымен келісімшартқа отырды. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жануарлар • 29 Қаңтар, 2026
Жетісу облысында мал шаруашылығы саласы өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрақты өсім көрсетіп отыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, саланың жалпы өнім көлемі 3,9%-ға артып, 198,3 млрд теңгеге жеткен. Әсіресе ет өндірісі 4,6%-ға, сүт өндірісі 4,4%-ға ұлғайып, өңірдегі аграрлық сектордың әлеуеті айқын көрінді. Бүгінде облыстағы мал басы 2,3 млн басқа жуықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Наурыздан бастап қоғамдық орындарды қоқысқа толтырғандар қатаң жазаланады
Қалалар мен елді мекендердегі қоғамдық жұмыстарды қадағалауды күшейтуге бағытталған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер 2026 жылдың наурыз айында күшіне енеді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Қаңтар, 2026
Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік нысан ашылды
Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен салынған нысан «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің аумағында бой көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Ботақарада кезекте тұрған азаматтарға арналған жаңа тұрғын үй берілді
Бұқар жырау ауданына қарасты Ботақара кентінде кезекте тұрған азаматтарға арналған жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Эксклюзивті жоба аясында салынған екі қабатты кірпіш үй әлеуметтік осал санаттағы 12 отбасыға ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Катонқарағайдағы әуежай құрылысы қашан аяқталады?
Бүгін Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев туристердің діттеген аймағына тез жетуі үшін транспортпен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қаңтар, 2026
Биыл Жамбыл облысында 13 спорт кешені ашылады
Өткен жылы өңірде 3 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, 2 спорт мекемесі спорт клубы ретінде қайта құрылды. Бұл жұмыс осы жылы да жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Қаңтар, 2026
TikTok жұлдызы Хаби Лейм өзінің ЖИ-сыңарын 975 миллион долларға сатты
Әлемдегі ең танымал TikTok жұлдызы Хаби Лейм бұрын-соңды болмаған келісімге қол қойды. Ол өз есімі, сырт келбеті мен дауысын пайдалану құқығын 3 жылға 975 миллион долларға сатты. Ең қызығы – енді оның орнына жасанды интеллект жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Қаңтар, 2026
Қазақстан OpenAI Edu for Countries алғашқы халықаралық когортасына қосылды
Қазақстан білім беру саласында жасанды интеллектіні жүйелі енгізу жолында жаңа кезеңге қадам басты. Ел OpenAI-дың Edu for Countries бағдарламасының алғашқы халықаралық когортасына қосылып, ұстаздың рөлін күшейтуге және адам капиталының сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық бастаманы іске асыра бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 20 Қаңтар, 2026
Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити парламенттің төменгі палатасын таратып, кезектен тыс сайлауды 8 ақпанға белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 19 Қаңтар, 2026
Курсанттар 3500 метрлік шыңды бағындырды
Алматыда күштік құрылымдарға қарасты жоғары оқу орындарының курсанттары Іле Алатауындағы биіктігі 3500 метрді құрайтын тау шыңына көтерілді. Іс-шара тәрбие құрылымдары офицерлері институтының құрылған күніне орай ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 18 Қаңтар, 2026
OpenAI ChatGPT-дің тегін нұсқасында жарнаманы іске қосады
OpenAI ChatGPT-де жарнамалық тестілеудің басталғаны туралы хабарлады. Жарнамалар тегін пайдаланушылар мен Go нұсқасы жазылушыларына көрсетіле бастайды. Plus, Pro, Business және Enterprise нұсқасының пайдаланушыларына жарнама шықпайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден өтті
Қасиетті миғраж түнінің жұмаға қараған таңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы бақилық болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Шекара шебіндегі Шіліктіге интернет жетті
Зайсан ауданының Шілікті ауылына интернет жетті. Алтын адам шыққан тарихи мекеннің тұрғындары бұл күнді көп күтті. Енді ауыл халқы ұялы байланысқа емін-еркін қосылып, интернеттің игілігін көретін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2026
Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді
Алматыдағы Ниязбеков көшесі, 30/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сот шешімімен сүрілді. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 08 Қаңтар, 2026
Спортшыларға арналған жасанды интеллект бағдарламасы әзірленіп жатыр
Елімізде жеке жаттығуға арналған интеллектуалды спорттық коучинг бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиясына негізделген жобаны Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жүзеге асырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 07 Қаңтар, 2026
Бейжің екі жылда жасанды интеллектінің астанасына айналуға ниетті
Бейжің билігі алдағы екі жылда жасанды интеллект секторын дамытудың ауқымды жоспарын жариялады, оның мақсаты қаланы ЖИ-дың жетекші әлемдік орталығына айналдыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Интернет-алаяқтық тыйылмай тұр: «Құпия Санта» ойын ба әлде тұзақ па?
2025 жылы интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қаржылық сауат артып келе жатқанымен, қылмыскерлердің айла-тәсілі күрделеніп, келтірілген шығын көлемі миллиардтаған теңгеге ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 05 Қаңтар, 2026
Ашылмай келген ақиқат: Пулеметті денесімен жауып, өзін құрбан еткен қай Боран Нысанбаев?
Адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған алапат ІІ дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіске биыл 80 жыл толды. Осыған орай жұртшылық назарына Кеңес Одағының батыры Боран Нысанбаев туралы жаңа архивтік деректерді ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2026
Қазақстан халқының саны 20,4 миллионнан асты
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасап.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Жасанды интеллект мамандандырылған зерттеу университеті ашылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Қазақстанды цифрлық елге айналдыру және жасанды интеллектіні дамыту – мемлекеттің стратегиялық басымдығы екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында жыл ішінде санавиациямен 243 науқасқа көмек көрсетілген
Атырау облысында жыл басынан бері медициналық авиация қызметін 243 пациент пайдаланған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, 59 науқас ұшақпен, 19 адам тікұшақпен, ал 156 пациент автокөлікпен мамандандырылған медициналық мекемелерге жеткізіліпті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 27 Желтоқсан, 2025
Қазақстан онлайн-қызметтер бойынша әлемнің ТОП-10 еліне кірді
Қазақстан жасанды интеллектіні ауқымды енгізу және цифрлық экономиканың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету арқылы жетекші цифрлық держава мәртебесін нығайтып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Желтоқсан, 2025
Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақпен» білім алады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік нысандар халыққа қолжетімді болуға тиіс
Президент әлеуметтік нысандардың халыққа қолжетімді болуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Жасанды интеллект • 24 Желтоқсан, 2025
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жасанды интеллектті (ЖИ) оқу үдерісі мен ғылымға енгізуге бағытталған жаңа жобалар бастау алды. Осы жұмыстар аясында «Басқарылатын цифрландыру және өзгерістерге жүйелі көзқарас» тақырыбында екі күндік стратегиялық сессия өтуде, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 24 Желтоқсан, 2025
Атырауда Асанәлі Әшімов түскен кинолар тегін көрсетіліп жатыр
Атыраудағы Batikkami галереясында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов түскен таңдаулы кинолардың апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.