е
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Бекбаева: Учаскелерде ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасалды
Павлодар облысының №596 референдум участкелік сайлау комиссиясының төрағасы А. Бекбаева мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беру шарттары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум күні Атырауда екі бірдей үшем дүниеге келді
Атырау облыстық перинаталды орталығында бүгін екі бірдей үшем дүние есігін ашты. Бұл қуанышты оқиға перинаталды орталық ұжымы мен жас аналардың жақындары үшін ерекше мереке болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Үш сағаттың ішінде 2 миллионнан астам адам дауыс берді
Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша елде 2 393 844 азамат дауыс берді. Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндіктің мәліметіне сәйкес бұл көрсеткіш тізімге енген азаматтардың 19,21 пайызын құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматыда тәуелсіз байқаушылар заңбұзушылықтар тіркелмегенін мәлімдеді
Алматы қаласындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығында тәуелсіз байқаушылардың Ақпараттық штабы мен алты үкіметтік емес ұйымды біріктірген тәуелсіз байқаушылар коалициясының алғашқы брифингі өтті. Кездесу барысында республикалық референдумның өту барысы, сондай-ақ еліміздің өңірлеріндегі байқаушылардың жұмысы туралы жедел ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Маңғыстауда бір әулеттің келіндері референдумға қатысты
Референдумға Мұнайлы ауданының тұрғындары белсенді қатысып, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады. Саяси науқаннан шет қалмай, өз дауыстарын бергендердің қатарында «Абысын ажын-2025» республикалық байқауының жеңімпазы атанған мұнайлылық Айым ата әулетінің келіндері де бар, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Маңғыстау облысында 261 референдум учаскесі ашылды
Маңғыстау облысында бүгін 261 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Оның ішінде 12-сі – жабық учаске. Барлық учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
ІІМ: Референдум кезінде елдегі жағдай полицияның толық бақылауына алынған
Бүгін республикалық референдум аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафоны өтіп жатыр. Марафон барысында Орталық коммуникациялар алаңында республикалық референдумның өту барысына қатысты ресми органдар өкілдері мен сарапшылар әр екі сағат сайын тікелей эфирде пікір білдіреді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді
Алматының Наурызбай ауданында республикалық референдумға ғасыр жасаған тұрғын – Кәмилә Қосумаева қатысты. Биыл ол 101 жасқа толады.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум мен жәрмеңке бір жерде: Атырауда дауыс беру ерекше форматта өтіп жатыр
Атырау қаласындағы №241 референдум учаскесінде дауыс беру күні тұрғындарға ерекше жағдай жасалған. Учаске орналастырылған Ж.Нәжімеденов атындағы №2 мектепте бүгін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қарағандыда үлгілі жұп референдумда таңдау жасады
Қарағанды қаласындағы №100 референдум учаскесінде дауыс беру науқаны таңғы сағаттардан-ақ қарқын алды. Таң атысымен тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға асықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Шиеліде даңқты диқанның 9 келіні дауыс берді
Қызылорда облысының Шиелі ауданында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, атақты диқан Ыбырай Жақаев ұрпақтары да референдумға қатысып, дауыс берді. Кәдімгі қарапайым кетпенмен-ақ егінін баптап, еңбекқорлықтың символына айналған даңғайыр диқан ұрпақтары осылайша азаматтық жауапкершілік танытты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум: Ұлытау облысында 127 учаске жұмысын бастады
Учаскелер қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, дауыс беруді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Референдумды өткізу үшін облыста 6 аумақтық және 127 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Комиссиялардың құрамында барлығы 845 адам бар, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанайда референдум учаскесіне Қыдыр ата келіп, тұрғындарға бата берді
Қостанай қаласындағы референдум учаскесінің бірінде ерекше көрініс байқалды. Наурыз мейрамының символы саналатын Қыдыр ата дауыс беруге келген тұрғындарды қарсы алып, олармен сөйлесіп, дәстүрлі бата берді. Ол азаматтарға, отбасыларға және елге амандық пен бірлік тілеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысының әкімі референдумда өз таңдауын жасады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 мектепте орналасқан №541 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс бергеннен кейңн өңір басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткізіліп жатқан референдумның ел өміріндегі маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Жетісуда 105 жастағы әже алғашқылардың қатарында дауыс берді
Панфилов ауданында ғасырдан асқан кейуана Нағиман Шалабаева ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. 105 жастағы қария Жаркент қаласындағы №290 дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтты
Бүгін таңертең алматылықтар қаланың Қазақстанның мәдени астанасы екендігін тағы бір мәрте көрсетті. Референдум күні Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла шағын ауданындағы №562 сайлау учаскесінде тұрғындарды ерекше қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматы облысының тұрғыны референдум учаскесіне ұлттық киім киген роботпен келді
Алматы облысындағы дауыс беру учаскелерінің бірінде сайлаушылардың назарын ерекше қонақ аударды. Өңір тұрғыны Дарын Адай референдумға өзінің «досымен» – қазақтың ұлттық киімін киген шағын роботпен бірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматыда алғашқы дауыс берушілерге сыйлық үлестірілді
Қазіргі сәтте жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум күні Алматыда барлығы 653 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Бірқатар өңірдегі учаскелерде ұзын-сонар кезек пайда болды
Еліміздің бірқатар өңірінде референдумға қатысушылардың белсенділігі жоғары. Атап айтқанда, Абай, Қостанай және Маңғыстау облыстарының тұрғындары таң атпастан сайлау учаскелеріне ағылып, өз таңдауларын жасауға асығыс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Оқу-ағарту министрі референдумда өз таңдауын жасады
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанның жаңа Ата заңын қабылдауға арналған жалпыұлттық референдумға қатысып, азаматтық міндетін орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Брайль қарпі, сурдоаударма және еріктілер: Дауыс беру учаскелерінде барлық жағдай жасалған
Атырау облысының Аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева өңірдегі дауыс беру барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, референдумды өткізуге 285 комиссия қатысып отыр, олардың құрамында 2 091 адам бар. Оның ішінде 9 комиссия – аумақтық, 276-сы – учаскелік комиссиялар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Астанада референдум учаскесіне робот-итпен келген қыз жұрт назарын аударды
Астанадағы референдум учаскелерінің бірінде ерекше көрініс тұрғындардың назарын аударды. Дауыс беруге ақ халат киіп, үйге арналған аяқкиіммен келген қыз қасына робот-итті ертіп алған. Ерекше перформанс көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Павлодар өңірінің халқы 520 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр
Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, өңірде шамамен 500 мың адам дауыс беру құқығына ие. Сағат 7.00-де барлығы 520 референдум учаскесі есігін ашып, тұрғындар таңдау жасауға ағыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қазақстанның Еңбек Ері Рышат Әміренов: Өмірлік маңызы бар қадам жасадық
Қазақстанның Еңбек Ері, Павлодар облысы «Тәуелсіз Қазақстанның Халық Батырлары» қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының төрағасы Рышат Әміренов Екібастұз қаласындағы №373 референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматы облысында дауыс беру ақсақалдың ақ батасымен басталды
Шеңгелді ауылдық округі бойынша 6 референдум учаскесі жұмысын бастады. Ондағы сайлаушылардың саны – 5300-ге жуықтайды. Алақандай ауыл тұрғындары референдумға бір кісідей үн қосып, өз таңдауларын жасауды бастап кетті. Алғашқылардың бірі болып референдум учаскесінің есігін ашқан Шеңгелді ауылының ақсақалы Амангелді Беспаев №956 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ақ батасын берді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақмола облысында ерекше көрініс: сайлаушылар учаскеге бүркіт пен тазы алып келді
Ақмола облысында дауыс беру күні ерекше көріністермен есте қалды. Кейбір тұрғындар референдум учаскесіне ұлттық дәстүрді көрсететін ерекше тәсілмен келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Бүгін елордада «Референдум-2026» онлайн марафоны өтеді
Санаулы уақыттан кейін «Референдум-2026» онлайн марафоны басталады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Астана әкімі референдумда дауыс берді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Конституциялық реформаға арналған референдумда дауыс берді. Қала басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскелерінің бірінде таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2026
Түркістан облысында алғаш болып дауыс берген азаматтарға Абайдың кітаптары табысталды
Сайрам ауданында орналасқан №533 референдум учаскесінде алғаш болып дауыс берген азаматтарға ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың кітаптары тарту етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум: 14 мыңнан астам адам шетелде дауыс береді
Шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің хабарламасы Орталық сайлау комисссиясының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.