Фото: Ашық дереккөз
Заң жобасына сәйкес, дербес деректермен жұмыс істейтін операторлар өңдейтін ақпарат көлемі мен ықтимал қауіп деңгейіне қарай шағын, орта және ірі санаттарға бөлінеді. Соған байланысты әр санатқа қойылатын талаптар да өзгеше болады. Осылайша, салада тәуекел деңгейіне негізделген реттеу тетігі енгізілмек.
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Жаңашылдықтардың бірі – таралып кеткен дербес деректердің арнайы тізілімін құру. Мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы әрбір азамат өзіне қатысты қандай мәліметтердің ашық қолжетімділікке шығып кеткенін немесе таралу қаупі бар екенін тексере алады. Бұл жеке деректердің заңсыз қолданылуының алдын алып, азаматтарға дер кезінде қорғану шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
ЮНИСЕФ: Жаңа Конституция цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғауды күшейтеді
Сонымен бірге дербес деректерді жариялау және ұйымдар арасында алмасу кезінде қауіпсіздік талаптары күшейтіледі. Мысалы, ашық түрде жариялануы тиіс құжаттарда жеке мәліметтер міндетті түрде жасырылуы қажет. Бұдан бөлек, хеш-код қолдану және операторлар арасында ақпарат алмасқанда деректерді шифрлау талабы енгізіледі.
Павлодарда 2 000-нан астам қызметкердің жеке дерегі интернетте таралып кеткен