м
Аймақтар • 13 Наурыз, 2026
Жас кадрларға сұраныс: Қостанайда еңбек нарығы кеңейіп келеді
Бүгінде Қостанай машина жасау ісінде еліміздегі жетекші қалалардың біріне айналып үлгерді. Мұнда елдегі ең ірі автокөлік зауыттарының бірі Allur компаниясы орналасқан. Әрбір шығарылған автокөліктің, өндірістік желінің және технологиялық үдерістің артында адамдардың еңбегі тұр. Бүгінде кәсіпорын еліміздің түрлі өңірінен келген мамандарды, инженерлерді, слесарьлар мен технологтарды біріктіріп отыр. Олардың көпшілігі Қостанайға алғашында өндірістік тәжірибе немесе оқу бағдарламалары аясында келіп, кейін автокөлік саласында мансап құру үшін осында қалып қоюды жөн көреді.
Ауа райы • 13 Наурыз, 2026
Елімізде 15 градусқа дейін күн жылынады
«Қазгидромет» антициклон әсерінен ел аумағының басым бөлігінде күн райы жылынып, жауын-шашын тоқтайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 13 Наурыз, 2026
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады
Наурыз мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша электрпойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздың құрамын ұлғайту арқылы жолаушыларға қосымша 2 177 орын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 13 Наурыз, 2026
Алматыда Болат Мұхамедиев шығармашылығына арналған көрме ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде көрнекті суретші, ауқымды ұлттық жобалардың авторы Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 13 Наурыз, 2026
Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
Польшада жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Екатерина Шилова өлі күйінде табылды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Наурыз, 2026
Мал шаруашылығы: Жеңілдетілген несие неше пайызбен беріледі?
Мемлекет басшысының мал басын көбейту, өнімділікті арттыру, қайта өңдеуді дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспарды әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Наурыз, 2026
Жалған ақпараттар тарауы мүмкін: Министрлік референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады
Ішкі істер министрлігі 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында азаматтарға үндеу жасады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 13 Наурыз, 2026
Жезқазғанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форумға мыңға жуық жас жиналды
Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде алдағы референдумды қолдауға арналған «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты форум өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 13 Наурыз, 2026
Орталық референдум комиссиясы үгіт жұмыстарының қашан аяқталатынын мәлімдеді
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік республикалық референдум қарсаңында үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялауды реттейтін заңнаманың негізгі талаптарын еске салды, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 13 Наурыз, 2026
Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат жарияланады
Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Наурыз, 2026
Иранның жаңа рухани жетекшісінің жараланғаны расталды
Иран Сыртқы істер министрлігі елдің жаңа жоғарғы рухани жетекшісі Моджтаба Хаменеи жараланғаны туралы ақпаратты растады. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Эсмаил Багаи мәлімдеді. Оның айтуынша, аятолланың өміріне қазіргі кезде қауіп жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Наурыз, 2026
Трамп Иран құрамасының Әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп бағалады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран футбол құрамасының алдағы Әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп бағалады. Биыл жазда өтетін турнир АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылады. Алайда Иран құрамасының жарысқа қатысатыны немесе қатыспайтыны жөнінде ФИФА тарапынан ресми шешім әлі жарияланбады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Наурыз, 2026
Ел экономикасына салынған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгеге жетті
2025 жылғы қорытынды бойынша еліміздегі негізгі капиталға салынған инвестиция 22,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті (19,5 трлн теңге). Инвестициялық белсенділіктің өсуі экономиканың бірден бірнеше негізгі секторында тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 13 Наурыз, 2026
Субсидияны заңсыз рәсімдеген: Түркістан облысында кооператив басшысы 4 жылға сотталды
Түркістан облысы Арыс ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіп саласында жүргізген тексеру нәтижесінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 13 Наурыз, 2026
Наурызнама онкүндігі аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафон өтеді
15 наурызда елімізде «Референдум – 2026» атты ауқымды онлайн марафон өтеді. Таңғы 09:00-де басталатын тікелей эфир түнгі 00:15-ке дейін жалғасып, ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаның барысын жан-жақты қамтиды. 15 сағатқа созылатын марафон барысында референдум күнінің негізгі сәттері, қоғамдағы көңіл күй, сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің пікірлері жедел әрі заманауи форматта көрерменге ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Наурыз, 2026
Қазақстанда медициналық көмектің сапасын басқарудың кешенді жоспары бекітілді
Үкімет 2026-2030 жылдарға арналған медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Құжат Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленген. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Наурыз, 2026
«Наурызнама»: Елордада Көрісу күні қалай атап өтіледі?
Астана қаласы әкімдігі Наурыз мейрамы қарсаңында елодада 200-ден астам түрлі іс-шара мен акция өтетінін хабарлады. «Наурызнама» Көрісу күнінен басталады. Бұл күні елордадағы ашық алаңдар мен саябақтарда Наурыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттайтын түрлі мәдени бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Наурыз, 2026
Астанада демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Астанада алдағы демалыс күндері күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, елордада бұлтты ауа райы сақталып, түнде үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 13 Наурыз, 2026
Тамдының тумасы, өлеңнің тұлғасы
1960–1980 жылдары қазақ өлеңіне айтары бөлек, жаңа ақындар легі, жас буын келді. Жырлары мінезді, екпінді әрі көктемгі жауқазын бейнесіндегі жас арудың мөлдір мұңындай таза еді. Олар қазақ қара өлеңіндегі жаңалықтың басы болды. Мұқағали, Төлеген, Жұмекен, Қадыр, Тұманбай, Жұматай, Мұхтар болып кете береді. Өлеңқұмар жұрт білетін осы есімдер қатарына Өмірзақ Қожамұратов есімін қосса артық емес.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?
Елімізде осы жылдың алғашқы екі айында жол қозғалысы ережесін (ЖҚЕ) бұзу деректері азайған. Алайда сарапшылар бұл көрсеткіш жолдағы тәртіптің күрт жақсарғанын білдірмеуі мүмкін екенін айтады. Мамандардың пікірінше, статистикадағы өзгеріске автоматты бейнебақылау жүйелерінің қолданылу деңгейі әсер етуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 12 Наурыз, 2026
15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады
Алматыда тұрғындар республикалық референдум өтетін күні сайлау учаскелеріне бару үшін «Инватакси» қызметін тегін пайдалана алады. Қызмет арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға, сондай-ақ көру қабілеті бұзылысқа ұшыраған адамдарға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Наурыз, 2026
Солтүстік Қазақстандағы орман шаруашылықтарына 51 жаңа техника берілді
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылықтарына облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов 51 арнаулы техникалардың кілтін тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 12 Наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды референдумға белсене қатысуға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында жастарға үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 12 Наурыз, 2026
Референдум қарсаңында тәуелсіз бақылаушылардың ақпараттық штабы жұмыс істейді
13 наурыз күні Алматы қаласындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығының (ҚКО) алаңында тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының екінші брифингі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2026
Таразда жас балуандар арасындағы ел чемпионаты басталды
Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биылғы чемпионатқа елдің түкпір-түкпірінен мыңнан астам жас балуан қатысып отыр. Бұл доданың маңызы ерекше – жеңімпаздар алдағы Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын негізгі үміткерлер қатарына қосылады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Наурыз, 2026
Өткен жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 306 миллиард доллар болды
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі геосаяси ахуалға қарамастан Қазақстан экономикасы тұрақты дамып келе жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Адал азамат – қауіпсіз қоғам кепілі
Мемлекет басшысының «Адал азамат» бағдарламасы білім беру саласының негізгі темірқазығына айналды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 12 Наурыз, 2026
Париждегі саммит: Әлем елдерінің атом саласындағы ынтымақтастығы нығая береді
Парижде өткен Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммит әлем елдерінің атом саласындағы әріптестігін жаңа деңгейге көтеруге арналды. Жиын аясында Қазақстан делегациясы бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, салалық ықпалдастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Астанадағы қылмыс: Сәнияның туыстары тергеудің әділдігіне сенбейді
Астанада бұрынғы жігітінің қолынан қаза тапқан 31 жастағы Сәнияның қазасына байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Жақындары істің әділ тергелетініне сенбейді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Наурыз, 2026
Президент: 2025 жылы 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында көлік-транзит саласын нығайтуды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.