Қылмыс • Бүгін, 13:56

Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшада жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Екатерина Шилова өлі күйінде табылды, деп жазады Egemen.kz.

Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды

Бұл туралы марқұмның әпкесі «AIRAN» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Туысының айтуынша, әйелдің өліміне күдікті адам қазірдің өзінде ұсталған.

Сыртқы істер министрлігі бұл мәселеге байланысты марқұмның отбасымен және Польшадағы құзырлы органдармен тұрақты байланыста екенін хабарлады. Ведомство консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде мәйітті Қазақстанға жеткізу ісіне қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Атыраудағы қанды оқиға: тағы да екі адамның мәйіті табылды

Еске салайық, Екатерина Шилованың жоғалғаны туралы ақпарат ақпан айында Facebook желісіндегі «Варшава здесь» тобында жарияланған еді. Туыстарының айтуынша, онымен байланыс 18 ақпан күні сағат 23:00 шамасында үзілген. Сол кезде ол Варшавадан Астанаға ұшып келуі тиіс болған, алайда ол ұшаққа отырмаған.

Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды

Жақындарының айтуынша, жоғалар алдында Екатеринаның телефонынан күмәнді хабарлама келген. Онда оны Германияға «жақсы жұмысқа» кенеттен шақырғаны айтылып, сол себепті билеттен бас тартып, кейін хабарласатыны жазылған. Алайда туыстары бұл хабарламаның мәтіні Екатеринаның жазу стиліне ұқсамайтынын айтып, оны басқа біреу жазған болуы мүмкін деп күмәнданған.

Ақтөбеде қоқыс алаңдарының бірінен ер адамның мәйіті табылды

Осы хабарламадан кейін оның телефоны өшіп қалған. Кейіннен әйелдің мәйіті табылып, іс бойынша тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар