қол
Президент • 23 Желтоқсан, 2023
Президент дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2023
Семейде Президент еңбегін бағалаған мүсіншінің туындысы бүлінді
Абай облысының орталығы Семей қаласындағы «Арбат» алаңында «Құлын мен бала» атты тамаша туынды бүлінді. Қала сәні үшін қойылған, қоладан құйылған бұл мүсін өткен жылдың күзінде ғана «Мәңгілік ел» көшесінің бастауына орнатылған еді. Шағын алаңның бір жақ қапталында Семей қалалық әкімдігі орналасқан.
Қысқы спорт • 17 Желтоқсан, 2023
Денис Никиша әлем кубогінде қола қанжығалады
Қазақстан құрамасының қоржынына әлем кубогінде шорт-тректен алғашқы медаль түсті. Аталған сында шорт-трекші Денис Никиша үздік үштіктен табылды, деп жазады Egemen.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 14 Желтоқсан, 2023
Жәнібек Әлімханұлы Президентке бокс қолғабын сыйлады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бокс қолғабын сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Қоян-қолтық ұрыс спортынан жеңімпаздар анықталды
ТМД-ға мүше мемлекеттер достық армиялары арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыс чемпионаты мен Қазақстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирдің қорытындысы шығарылды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 180-нен астам спортшы қатысқан жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Қорғаныс министрінің кубогы үшін Қазақстан күштік құрылымдарының 16 құрама командасы күш сынасты.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2023
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2023
Президент цифрлық платформа құрудың тым созылып кеткенін ескертті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының биылғы жылғы иегерлерін марапаттау рәсімінде отандық бизнестің дамуына кесірін тигізбес үшін негізсіз тексеру мен заңсыз қудалаудан қорғау жөнінде тапсырма бергенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Жазба мұраны жаңғырту жайы талқыланды
Астанада Қазақстандағы жазба мұраларды қайта қалпына келтіру және сақтау мәселелері талқыланған семинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
Ұлттық жоба жұмыссыздықты азайта ма?
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, жұмыс орындарын арттыру бағытында елімізде ұлттық жоба жүзеге асырылып келеді. 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобаның тиімділігі туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 03 Желтоқсан, 2023
Қазақстан құрамасы қола жүлде қанжығалады
Нидерландының Леуварденде қаласында жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында конькимен жүгіруден Әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Осы сайыста құрама қыздары қола қанжығалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2023
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс грант негізінде бөлінбек
Мәжілістің жалпы отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Масс-медиа туралы» және оған ілеспе заң жобасы бойынша баяндама жасап, депутаттардың сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 29 Қараша, 2023
Жаңа электр желілері іске қосылды
Атырау облысында Қазақстанның батыс аймағының электр желілерін нығайту мақсатында салынған жаңа электр желілері іске қосылды. Ресми іске қосу рәсіміне телекөпір арқылы Премьер-министр Әлихан Смайылов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 27 Қараша, 2023
Ауыл шаруашылығын қолдауға қосымша 30 млрд теңге бөлінді
Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету үшін резервтен 30 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Қараша, 2023
Қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогінде спортшыларымыз топ жарды
Қарашаның 19-23 күндері аралығында Беларусь мемлекеті Минск қаласында қоян-қолтық ұрыс спортынан әлем кубогі өтіп, Қазақстан спортшылары жеңіс тұғырларынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz almobl_jogary_sport инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Президент • 23 Қараша, 2023
Қазақстан уақытша бітім жасау келісімін қолдайды
Беларусь астанасы Минск қаласында өтіп жатқан ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан уақытша бітім жасау туралы соңғы келісімді құптайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Қараша, 2023
Бүгін – Дүниежүзілік қолөнер күні: Он саусағынан өнер тамғандар
ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұраға теңестірген Дүниежүзілік қолөнер күні 16 қарашада атап өтіледі. Осы орайда, айтпағымыз Шығыс Қазақстан облысының ТЖД құтқарушыларының ішінде қызметтен бос уақытта қолөнермен белсенді айналысатындар бар, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қараша, 2023
«Ұлттық қор – балаларға»: Мемлекет басшысы заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың ресми телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2023
Өңірлік әскердің қолбасшылары тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 10 Қараша, 2023
Президент ратификациялау туралы кезекті заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт • 05 Қараша, 2023
Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 9 алтын алды
Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астана қаласында жасөспірімдер және жастар арасында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 9 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz boxingkazakhstan инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Спорт • 05 Қараша, 2023
Боксшы қыздарда – бес алтын, бес қола
Астана қаласында 23 қазан-3 қараша күндері аралығында бокстан өткен Азия чемпионатында жастар санаты бойынша еліміздің 5 бұрымды боксшысы финалға шығып, 5 алтын мен 5 қола жоғары нәтижесіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қазан, 2023
Азия пара ойындары: Велоспортшылар қола жүлдеге ие болды
Қазақстан құрамасының пара велоспортшылары Азия пара ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Қазан, 2023
Қытайға аттанған шахматшылар жарады
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында Қазақстан шахматшылары үшінші орын алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Қазан, 2023
Қоржында - бір күміс, бір қола
Қытай шаһары Ханчжоудағы Азия пара ойындары байрақты бәсекесінде Қазақстанның пара пауерлифтингшілері қоржынға бір күміс, бір қола салды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Қазан, 2023
Азия Пара ойындары: Дзюдошылар үш қола алды
Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан парадзюдошылары қоржынға үш қола жүлде салды, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қазан, 2023
Азия Пара ойындары: алғашқы жүлде бұйырды
Кеше Қытайдың Ханчжоу қаласында ІV жазғы Азия Пара ойындары жалауын желбіретті. Елімізден барған спортшылар бүгін алғашқы медальді олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Қазан, 2023
Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында каратэшілер 3 медаль жеңіп алды
Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында WKF каратэден жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Қазан, 2023
Еламан Қойшыбаев пен Асылжан Орынбасарова күміс жүлдегер атанды
Сауд Арабиясының бас шаһары Эр-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақ самбошылары тағы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қазан, 2023
Президенттің Қытайға сапары: қандай құжаттарға қол қойылды?
Сапар шеңберінде жалпы құны 16,54 миллиард доллар болатын 30 коммерциялық құжатқа, соның ішінде инвестициялық, сауда келісімдеріне, өндіріс технологиясын беру, кредит желісін ашу және тағы да басқа бағыттарды қамтитын келісімшарттарға қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.