Спорт • 30 Қаңтар, 2024

Қазақстан каратэшілері премьер-лига додасында үш медаль олжалады

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция астанасы Парижде WKF каратэден әлемдік рейтингте топ 32-ге кіретін спортшылар ғана қатыса алатын «Karate 1 Premier league» сайысы өтті. Қаңтардың 26-28 күндері аралығында өткен премьер-лига бәсекесінде жерлестеріміз 3 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан каратэшілері премьер-лига додасында үш медаль олжалады

Фото: Turizm jane sport ministrligi

Нақты атағанда, Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Гүлмира Үсенова (55 келі), Абылай Төлтай (+84) өз салмақтары бойынша үшінші орын тұғырынан көрініп, қола медальды еншіледі.

Спорт комитеті мәлім еткендей, аталған турнирде 66 елдің 366 спортшысы 10 салмақ бойынша жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Кеше