ту
Медицина • 13 Қазан, 2025
Қазақстанда медициналық туризм қарқынды дамып келеді
2023 жылы Астанада ем алған шетелдік пациенттер саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе, ал 2024 жылы тағы екі есе артқан, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 12 Қазан, 2025
Түркістан облысында 190 жер учаскесі заңсыз берілген
Түркістанда жер заңнамасының сақталуы бойынша алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жасанды интеллект • 11 Қазан, 2025
Әл-Фараби университеті Студенттер қатарына қабылдау рәсімін ЖИ арқылы өткізді
Биылғы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Студенттер қатарына қабылдау рәсімі ерекше форматта ұйымдастырылып, 1-курс студенттерін оқуға қабылдау рәсімі жасанды интеллектінің қатысуымен жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Қазан, 2025
Президент кеңесшісі жасанды интеллект туралы дәріс оқыды
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай университетінің белсенді студенттерімен кездесті. Оның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерді түсіндіру және ондағы айтылған айқын бағдарларды насихаттау. Жылы жүздесу барысында емен-жарқын әңгіме болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 10 Қазан, 2025
Студенттер күзгі ағаш отырғызу науқанына қатысты
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен Ақтөбедегі №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің маңайында «Туған қалаңа ағаш сыйла» атты тал отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Қазан, 2025
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасына есе жіберді
Қытайдың Ухань қаласында теннистен WTA 1000 турнирі өтіп жатыр. Отандасымыз Елена Рыбакина беделді турнирдің жартылай финалына жолдама иелене алмады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қазан, 2025
Қызылорда облысының ауылдарын сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған іске қайтарылған активтер қаражаты есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 09 Қазан, 2025
Алматыда тауға шыққандарды тіркейтін алғашқы құрылғы орнатылды
Елімізде Іле Алатауындағы Үлкен Алматы шыңына көтерілгендерді автоматты түрде есепке алатын құрылғы орнатылды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 09 Қазан, 2025
Қазақстан Қытай туристері үш ТОП-5 ел қатарына кірді
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының мәліметінше, Қазақстан Қытайдың туризм нарығында өз орнын нығайтып келеді. Еліміз ҚХР-дың ең ірі онлайн-туристік компанияларының бірі Tongcheng Travel деректері бойынша, Қытайдың Ұлттық күні мен Күз ортасы мерекесіне орайластырылған сегіз күндік демалыс кезінде қонақ үй брондау қарқыны ең жоғары өскен шетелдік бағыттар арасынан алғашқы бестікке енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Қазақстанда алдағы үш жылда зейнетақы мөлшері өседі
2026-2028 жылдар аралығында Қазақстанда зейнетақы көлемі артады. Бұл туралы республикалық бюджет туралы заң жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Питер Фостер Air Astana компаниясындағы бас директор қызметінен кетеді
Air Astana директорлар кеңесі компанияның бас атқарушы директоры Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында өз лауазымынан кететінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 07 Қазан, 2025
Павлодар қаласында барлық ғимараттар орталық жылумен қамтылды
Жылу маусымы басталғалы тұтынушылардан 150-ден астам өтініштер мен шағымдар келіп түскен. Олардың 99 %-ы қазіргі күні толықтай шешімін тапты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 07 Қазан, 2025
Биыл Алматыда жылу ерте беріледі
Алматыда ауа райының күрт суыиуына байланысты қала әкімінің пәрменімен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды. 8 қазаннан бастап қалада орталық жылыту жүйесіне қосылу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 07 Қазан, 2025
Алматы облысында туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында өңірге 2,5 миллионнан астам қонақ келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 40 пайызға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Қазан, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жарлығымен оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалған Үкіметтің жаңа мүшесі Жұлдыз Сүлейменованың ант беру рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Қазан, 2025
Шорт-тректен әлемдік турдың іріктеуіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы іріктеу кезеңі өтеді. Әлемнің үздік шорт-трекшілері 9-12 қазан аралығында сынға түседі, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 06 Қазан, 2025
Туризмдегі деректерді есептеуге ЖИ көмектеседі
Алматы тау кластеріне, Бурабайға тағысын-тағы демалыс аймақтарына шетелден туристер көп барды деген статистиканы жиі оқимыз. Енді осындай мәліметтерді жиып, дәлме-дәл есептеу үшін жасанды интелект пен мобильді деректер көмекке келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Қазан, 2025
Қостанай облысына жаңа прокурор тағайындалды
Қостанай облысы прокуратурасы ғимаратында Қостанай облысының жаңа прокуроры – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Марат Сексембаевты ресми таныстыру рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Шымкент түрмесінде 655 адам рақымшылықпен босап шығуы мүмкін
Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай Шымкент түрмелеріндегі 655 адам рақымшылыққа іліне алады. Әзірге соттар 185 адамның арызын қараған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Қазан, 2025
Ұландықтар Оралда есірткі сатушыны ұстады
Ұлттық ұланның 5517 бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қадағалау барысында есірткі сатты деген күдікпен ер адамды қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 01 Қазан, 2025
Kazakh Tourism Development халықаралық PGI компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
1 қазанда Астанада Kazakh Tourism Development ұлттық компаниясы халықаралық аренада танымал PGI компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Құжатқа сәйкес, әлемдік тау шаңғысы курорттарын жобалау мен дамытуда көп жылдық тәжірибесі бар PGI Almaty Superski жобасына кеңесші ретінде қатысатын болады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Қазан, 2025
Қ. Тоқаев жасанды интеллект саласына маманданған зерттеу университетін ашуды тапсырды
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның бірнеше өңірінде жылыту маусымы басталды
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында 1 қазаннан жылыту маусымы ресми түрде басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 30 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынын тамашалауға 5 мың шетелдік турист келді
Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді. Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы Туризм басқармасы «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінің деректеріне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Атырау облысының жаңа прокуроры тағайындалды
Бас Прокурордың бұйрығымен енді Атырау облысының прокуроры қызметін Мадияр Басшыбаев атқарады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Қыркүйек, 2025
«Voice Beyond Horizon»: Димаш Құдайберген продюсерлік еткен жобасын таныстырды
Бүгін Астанада Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген продюсерлік дебюті «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасын таныстырды. Еліміздің тарихи мекендері мен көз тартарлық табиғат құшағында түсірілген жоба Қытай Халық Республикасының Hunan Broadcasting System-мен бірлесе қолға алынған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Түркістан облысы жылыту маусымына 100 пайыз дайын
Жылуға жауаптылардың мәлімдеуінше, Түркістан облысы 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына толық дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қыркүйек, 2025
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2025
Астанада шекарашы батырды еске алуға арналған турнир өтті
Елордада батыр, шекарашы Раджан Батркановты еске алуға арналған дәстүрлі волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 27 Қыркүйек, 2025
Өңірде жылу беру маусымы басталды
Қысқы 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл бұл шараларды іске асыруға 43 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат негізгі бағыттар бойынша 11 инвестициялық жобаға – 10,2 миллиард теңге, көмір мен мазут сатып алуға – 6 миллиард теңгеден астам, коммуналдық нысандардың жөндеу науқанына – 15,5 миллиард теңге, сондай-ақ, «АРЭК» АҚ мен «Көкшетау Энерго» ЖШС ірі энергия компанияларының жөндеу жұмыстарына – 11,4 миллиард теңге көлемінде бөлініп отыр, деп жазады Egemen.kz.