Фото: Sputnik / Владислав Воднев.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа Конституцияның жобасы жекелеген түзетулер енгізілген жоба емес. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – жаңа тарихи дәуірде мемлекеттің негіздерін түбегейлі қайта құру, қоғамдық сананы жаңғырту.
Президент: Конституциялық комиссияның жұмысы барынша ашық жүргізілді
«Жаңа Конституцияның жобасына аса қажетті әрі озық нормалар енгізілген. Біз бәріміз бір ел болып ырыс-ынтымағымызды, береке-бірлігімізді сақтай отырып, эволюциялық, яғни табиғи жолмен дамып келеміз. Бұл – өте маңызды. Бұдан басқа жол жоқ», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт»: Президент еліміз үшін маңызды қағидатты атады
Президент түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданатынын айтты.
«Жаңа Конституция Қазақстанды тың қарқынмен өркендетуге, әр азаматтың әлеуетін арттыруға жол ашады деп сенемін. Қалай десек те, Ата заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады», деді Мемлекет басшысы.