рт
Спорт • 10 Ақпан, 2026
Азия чемпионаты: Ел құрамасы нысана көздеуден тағы екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 10 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: Шорт-трекшілер жарыс жолынан шығып қалды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен аралас эстафетада ширек финалдық жарыстар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада • 10 Ақпан, 2026
Денис Никиша келесі кезеңге өте алмады
Италияда қысқы Олимпиада ойындары қызып жатыр. Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Денис Никиша іріктеу кезеңінен өте алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 10 Ақпан, 2026
Ел шорт-трекшілері 500 метр қашықтықтағы сынды қандай нәтижемен аяқтады?
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен жарыстар басталды. Бүгінгі жарыс күнінде ел шорт-трекшілері 500 метр қашықтықта бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2026
Атырау облысында жыл басынан бері 14 автокөлік өртеніп кетті
Атырау облысында қаңтардан бері автокөлік өртіне қатысты 14 дерек тіркелді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 10 Ақпан, 2026
Тоқаев: Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенін қолдау шаралары қордаланған мәселелерді шешу үшін емес, тек осы саладағы жалпы өнімді арттыру үшін қабылданып жатыр деуге болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Ақпан, 2026
Сақтандыру және қор нарығын дамытудың бағдарламасы әзірленеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаржы жүйесін ұзақ мерзімді капитал көздері арқылы нығайтудың маңызын атап, сақтандыру және құнды қағаздар нарығын дамытуды стратегиялық міндет ретінде белгіледі. Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік тәжірибеде банктермен қатар дәл осы салалар экономиканың тұрақты өсуіне қызмет етеді, деп жазады Egemen.kz,
Президент • 10 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жедел даму жолына түскен Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Президент: Жаңа әрі сапалы инвестиция тартуға арналған біртұтас стратегия қажет
Елімізде 2022 жылдан бері жинақталған тікелей инвестиция көлемі 84 млрд доллардан асқан. Негізгі капиталға салынған инвестиция шамамен 50%-ға артты. Бірақ былтыр елімізге тартылған тікелей инвестицияның көлемі өссе де, оның қарқыны әлі де баяу болып тұр. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде медицина саласындағы бюджет қаржысын жымқыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Ақпан, 2026
Тоқаев: Дүние жүзіндегі экономикалық ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қорытынды сөз сөйлеп, қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Ақпан, 2026
Олжас Бектенов: Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатын қатаң ұстанады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек пен өзге де әлеуметтік төлемдерді тағайындаудағы жүйесіздік пен бақылаудың әлсіздігі бюджет шығындарының негізсіз өсуіне әсер еткені айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Ақпан, 2026
Елімізде 11 мың шақырым автомобиль жолы жаңғыртылады
Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және елдің транзиттік әлеуетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Ақпан, 2026
10 күнде жеңілдетілген несие: Үкімет бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеп жатыр
Ел Үкіметі кәсіпкерлік қоғамдастықпен бірлесіп, шағын және орта бизнесті қолдау аясын кеңейтуге кірісті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Балаларды өрттен құтқарып қалған мектеп мұғалімі марапатталды
Балаларды құтқарып қалған Рулан Сейітов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Медальды оған Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Фархат Әміре табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
Қазақстан Халық партиясы өңірлерде Конституциялық реформа барысын түсіндірді
Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) ел өңірлерінде Конституциялық реформаны түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр. Азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістер, жаңашылдықтар және құжаттың нормативтік бөлігіне енгізілетін түзетулер туралы ақпарат беріліп, тұрғындардың да ұсыныстарына назар аударылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді
Бүгін Павлодар қаласында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Ақпан, 2026
Португалияда соңғы 20 жылда алғаш рет социалист президент сайланды
Португалияда өткен президенттік сайлауда Социалистік партияның кандидаты Антониу Жозе Сегуру жеңіске жетті. Euronews мәліметінше, сайлаудың екінші турында ол 66,8% дауыс жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Армрестлингтен әлем чемпионына 5 бөлмелі үй сыйға берілді
Қол күресінен әлемге танымал «Шардара армспорт» клубы еліміздің көк туын әлемдік және халықаралық ареналарда желбіретіп жүрген үздік спортшыларына ерекше құрмет көрсетіп, арнайы сыйлықтар табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Ақпан, 2026
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
Оралдағы жапондық «Hitachi» турбинасының жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды
Орал қаласындағы жылу электр орталығында жапондық «Hitachi» компаниясының газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден кейін қайта іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысындағы бірқатар ауданда жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды
Ақтөбе облысының Байғанин және Мәртөк аудандарында жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды, сондай-ақ Хромтау ауданында күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімшесі пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімде Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров құтқарушыларға жаңа көлік құралдарының кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Ақпан, 2026
Азия чемпионаты: Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден күміс жүлдегер атанды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Дубовицкая Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2026
Ақ Олимпиада: Қазақстандық конькимен жүгірушілер үздік 10 спортшы қатарында
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 3000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2026
«Көмбенің» көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын
Ата-бабамыздан мирас болып қалған қазақтың ұлттық ойындары – тұтас бір тәрбие мектебі. Әр ойынның өз ережесі, өз мәні, өз міндеті бар. Бірі баланы ойлануға, тапқырлыққа баулыса, бірі батылдық пен күш-қайратқа шыңдайды, енді бірі ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа үйретеді. Сондықтан ұлттық ойындар ғасырлар бойы бала мен жастың мінезін қалыптастырып, денесін шынықтырып, ақыл-ойын жетілдірген рухани-мәдени құрал қызметін атқарды.
Президент • 07 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеңіл атлетика • 07 Ақпан, 2026
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2026
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды
6 ақпанда Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасының намысын 10 спорт түрінен 36 атлет қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.