Экономика • Бүгін, 14:38

Сақтандыру және қор нарығын дамытудың бағдарламасы әзірленеді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаржы жүйесін ұзақ мерзімді капитал көздері арқылы нығайтудың маңызын атап, сақтандыру және құнды қағаздар нарығын дамытуды стратегиялық міндет ретінде белгіледі. Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік тәжірибеде банктермен қатар дәл осы салалар экономиканың тұрақты өсуіне қызмет етеді, деп жазады Egemen.kz,

Сақтандыру және қор нарығын дамытудың бағдарламасы әзірленеді

Фото: ашқы дереккөз

Президент отандық қаржы жүйесіндегі сақтандыру секторының үлесі небәрі 5 пайызды құрайтынын айтып, мұндай жағдаймен келісуге болмайтынын қадап айтты. Оның сөзінше, сақтандыру нарығы әлеуетін толық пайдалану үшін цифрлық технологияларды кеңінен енгізу қажет.

Мемлекет басшысы сақтандыру өнімдерінің түрін көбейтіп, олардың қолжетімділігін арттыру мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл бағытта сақтандыру нарығын мемлекет, азаматтар және бизнес арасындағы ықтимал тәуекелдерге ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратын маңызды институт ретінде қарастыру ұсынылды.

Президент Үкіметке жыл соңына дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын толық цифрландыруды тапсырды

Президент дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, міндетті сақтандыру түрлерін көбейту қажеттігін айтты. Оның пікірінше, банктер мен сақтандыру компаниялары ұзақ мерзімді қор жинауды күшейтсе, бұл құнды қағаздар нарығының дамуына да тың серпін береді.

«Құнды қағаздардың дамыған нарығы – макроэкономикалық тұрақтылықтың маңызды көрсеткіші. Ал оның ауқымы инвесторлардың сенім деңгейі қандай екенін білдіреді», деді Мемлекет басшысы.

Президент: Аймақтар экономикасында шешімін таппаған мәселелер әлі де бар

Осыған байланысты Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке 1 қыркүйекке дейін сақтандыру және қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Президент бұл бағдарламаны тиімді іске асыру үшін сақтандыру және құнды қағаздар саласына қатысты жаңа заңдар қабылдау қажет екенін атап өтті.

Тоқаев: Дүние жүзіндегі экономикалық ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті

Мемлекет басшысы аталған қадамдар қаржы нарығының тұрақтылығын арттырып, инвесторлар сенімін күшейтуге және ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді дамуына негіз болатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар