аз
«Таза Қазақстан» • 08 Сәуір, 2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды
Бүгін, 8 сәуірде еліміздің жастар ресурстық орталықтары мен ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға созылады және оның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Сәуір, 2024
Президент су тасқынынан зардап шеккен облыс әкімдерінің есебін тыңдады
Қарғын судан зардап шеккен облыстардың әкімдері Президентке қазіргі ахуал жайында, табиғи апатпен күресу және су тасқынының зардаптарын жою мақсатында қабылданған шаралар жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 08 Сәуір, 2024
Қазгидромет су басқан өңірлердегі ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК су басқан өңірлердегі ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2024
Ұландықтар есіл ерлерді еске алды
Астанада «Отан-Ана» Отан қорғаушылар алаңында 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 құқық қорғау әскері жауынгерлерінің обелискіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Ұлттық ұлан мен Шекара қызметінің қолбасшылығы, әскерлер мен жергілікті қақтығыстардың ардагерлері, Астана гарнизонының әскери қызметшілері және елордалық №25 мектептің «Жас бүркіт» кадет сыныптарының оқушылары қатысты. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2024
Ерлікпен қаза тапқан 17 сарбазды еске алу рәсімі өтті
Осыдан тура 29 жыл бұрын 7 сәуірде Памир тауындағы Пшихавр шатқалында бес сағатқа созылған қарулы қанды қақтығыс кезінде ішкі әскердің 17 жауынгері ерлікпен қаза тауып, 33-і ауыр жарақат алды. Содан бері жыл сайын 7 сәуір – Ерлік күні болып саналады. Қазақстан батальонының құрамында тәжік-ауған шекарасын күзеткен шекарашылар қаза тапқан жауынгерлердің есімін ұлықтауды дәстүрге айналдырған.
Ауа райы • 07 Сәуір, 2024
Қатты жел соғып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. 7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мамандары еліміз бойынша 7 сәуірге арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 06 Сәуір, 2024
Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының екі ел аумақтарында болуы туралы заңға қол қойылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге енгізілген өзгерістер туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан халқына алғыс айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 06 Сәуір, 2024
Тұман, жел, жаңбыр: 6 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 6 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Белгілі журналист Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа ақпарат ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 05 Сәуір, 2024
Өткен жылы Қазақстанға 1 миллионнан аса турист келген
2023 жылы елімізге 1 084,8 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 156,8 мың адамға көп, өсім 2022 жылмен салыстырғанда 17%-ға жетті. 2022 жылы елімізге 928 мың шетелдік келген, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
«Ауыл тұрғындары қиындықта қалмайды»: депутаттар су басқан ауылдарды аралады
Мәжіліс депутаттарының екінші тобы жағдайды бақылау үшін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға аттанды. Олар жергілікті тұрғындармен кездесіп, жедел штаб жұмыстарына қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дін • 05 Сәуір, 2024
Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Сәуір, 2024
Жаңбыр жауып, жел соғады: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Тіл – адамдар арасындағы байланыс құралы ғана емес, ұлтты ұлт ретінде айқындайтын негізгі ұстындардың бірі һәм бірегейі. Ұлттық ерекшелігіміздің, мәдениетіміздің, тарихымыздың және салт-дәстүріміздің ажырамас бір бөлігі. Сондықтан мемлекеттік тілдің дамуына және оның барлық салаларда басымдықпен қолданылуына қоғамның назарын аудару өте маңызды.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созды
Су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай ел азаматтарын жанашырлық пен бірлікке шақырды. Осы тұста Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері зардап шеккен өңірлерге алғашқылардың бірі болып көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген
Қазір өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстыратын телефон алаяқтары көбейіп кетті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлап, халықты сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды
Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қзметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Сәуір, 2024
Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бапкері ауысты
Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz qazsport-қа сілтеме жасап.
Руханият • 05 Сәуір, 2024
Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?
Қадір түні – Алла Тағала періштелерге әмір етуімен Құран Кәрімді Лаухул Махфуздан Байтул Ғиззаға түсірген қасиетті түн. Мың айдан да қайырлы бұл түнді қалай өткізген дұрыс? Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтынан мәлімет ұсынамыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Сәуір, 2024
Қытай азаматтары «Қорғаста» заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған
ҚХР азаматтары «Қорғас» ШЫХО аумағының Қазақстан жағында 6 астыртын ойын бизнесі мен басқа да заңсыз әрекеттер ұйымдастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Сәуір, 2024
5 сәуірде Қазақстанның жеті облысында күн райы бұзылады
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Ауа райы • 04 Сәуір, 2024
Синоптиктер елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады
«Қазгидромет» синоптиктері 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің жеті өңірінде қолайсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне жеделхат жолдады
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Сәуір, 2024
«Жағдай ушығуы мүмкін»: Қазгидромет су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады
Қазгидромет еліміздегі су тасқыны ахуалы күрт нашарлауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 04 Сәуір, 2024
Доллар мен мұнай арзандап барады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,42 теңгеге төмендеп, 446,49 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 04 Сәуір, 2024
Алаяқтардан сақ болыңыз. Ұлттық банк ел азаматтарына үндеу жасады
Ұлттық банк халыққа «сақтандыру жағдайларын» пайдаланатын алаяқтардың жаңа схемалары пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 04 Сәуір, 2024
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер елімізде 4, 5, 6 сәуір күндері қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Сәуір, 2024
Соңғы жылдары Қазақстанда интернет-алаяқтық деректері күрт артып, қарапайым халық жиған-тергенінен қағылып жатыр. Алаяқтардың қитұрқы әдістері одан әрі дамып, адам сенімін улап бітті. Мұқтаж жандарға қол ұшын созамын деушілер үшін технология да дамып кеткен. Ұялы телефондағы қосымша арқылы кез-келген соманы аудара салу оп-оңай. «Ауырып жатқан бүлдіршінге көмектестім» деп, аударылған қаражат қалай және қайда жұмсалғанын білмейміз де. Алайда қайырымдылық ісінде де алаяқтық белең ала бастады.