Спорт • 05 Сәуір, 2024

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бапкері ауысты

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz qazsport-қа сілтеме жасап.

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бапкері ауысты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

54 жастағы маман осыған дейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын (2021-2022), жастар құрамасын (2019-2021), жасөспірімдер құрамасын (2011-2019) жаттықтырған. Бапкер жастар құрамасында Әділ Басығараевты алмастырды.

Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен ұлттық құрама 2021 жылғы Әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде жеңіп алған еді.

Сондай-ақ жасөспірімдер құрамасының аға бапкері қызметіне Мақсат Оспанов тағайындалды. Ал кіші жасөспірімдер құрамасының бапкері Жақсылық Молдаханов болды.

Соңғы жаңалықтар

«Осмийді алған – осы кісі»

Ғылым • Бүгін, 08:30

Ұлттық жасанды интеллект экожүйесі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:12

Дарақ бір жерден көгереді

Талбесік • Бүгін, 08:10

Түркілік танымды ту еткен

Руханият • Бүгін, 08:07

Баршаны біріктірген жоба

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:05