Президент • Бүгін, 12:28

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Леоны Понтифик болғанына бір жыл толуымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы хатта Понтификтің бейбітшілік идеясы мен диалогты ілгерілету жөніндегі дәйекті уағызы адами қадір-қасиетті дәріптеп, халықтар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың сенімді тірегі екенін атап өткен.

Президент Қазақстан мен Киелі Тақ арасында ұзақ жылдан бері келе жатқан достық пен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және байланыстарды одан әрі тереңдету ниетін жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақыратынын тағы да растады.

«Сіздің сапарыңыз серіктестігімізге жаңа мазмұн дарытып, аймақтағы елеулі уақиғаға айналатынына сенімдімін», деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Папа XIV Леоға ізгі мұратын іске асыру жолында зор денсаулық және қажымас қайрат тіледі.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 13:31