Фото: Өскемен әкімдігі
Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадалары жедел жеткен. Дәрігерлердің тексеруі нәтижесінде тұрғындардың денсаулығына айтарлықтай қауіп жоқ екені анықталды. Тек жеңіл жарақат алған.
Қазір барлық зардап шеккендер қажетті медициналық бақылаудан өтіп жатыр. Мәселе Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауына алынған.
Жарты жылда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 77 адам қаза тапқан
Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс жағдайға балалардың көпірді тербетіп ойнауы себеп болған. Салдарынан көпір төсеміне зақым келген. Кәмелетке толмағандар конструкцияны өздері шайқағанын мойындаған.
Осыған байланысты аспалы жаяу жүргіншілер көпірі келушілер үшін уақытша жабылады.
Қала әкімдігі мәліметінше, биыл облыс әкімінің тапсырмасымен «Самал» саябағын қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ. Жоба аясында көпір конструкциясын жаңарту және оны күшейту көзделген.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары басталғанға дейін және толық аяқталғанша нысанға кіруге шектеу қойылады.
Өндіріс орындарындағы қауіпсіздік: Жазатайым оқиғалар дауы азаймай тұр