Фото: Ашық дереккөз
Бұған дейін Вальверде мен Тчуамени арасында «Реалдың» киім ауыстыратын бөлмесінде жанжал болып, соның нәтижесінде уругвайлық ойыншы басын үстелдің бұрышына соғып алғаны белгілі болған еді.
Соққы салдарынан Вальверде басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған кемінде бір апта бойы жаттығу мен ойындарға қатыспауға кеңес берген. Осыған байланысты жартылай қорғаушы 10 мамыр күні өтетін басты қарсыласы «Барселонамен» болатын матчты өткізіп алмақ.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа ойын формасын таныстырды
Испандық клуб оқиғаға байланысты ішкі тәртіптік тексеріс бастағанын хабарлады. Екі ойыншыға да командадан ұзақ уақытқа шеттетілу қаупі төніп тұр.
Сенсация: «Арсенал» 20 жылдан кейін Чемпиондар лигасының финалына шықты
Қақтығысқа Орельенге қатысты жанжалдың баспасөзге таратылуы басты себептердің бірі болған.
Нұрболат АМАНБЕК