Лас
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Бейнеуліктер Құлсары тұрғындарын үйлеріне орналастырып жатыр
Бейнеуліктер су тасқынынан эвакуацияланған Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындарын өз үйлеріне орналастырып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Қостанайдан Тобыл қаласына шығатын екі көпір жабылды
Қостанайдан Тобыл қаласына қарай шығатын үш көпірдің екеуі жабылды.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Құлсарыдан «Теңіздегі» вахталық қалашыққа 6,5 мыңнан астам адам көшірілді
Атырау облысындағы Құлсары қаласының тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Екі күнде «Теңіз» кен орнындағы вахталық қалашыққа 6,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Құлсары қаласының 7 шағын ауданына тасқын су қаупі төніп тұр
Атырау облысының жедел штабының мәліметінше, Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй мен әкімшілік нысандарды тасқын су басқан.
Оқиға • 02 Сәуір, 2024
«Ішінде адамдар болған»: Алматыда троллейбус өртеніп кетті
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 8-де Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелері қиылысында троллейбус жанып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2024
Ақтауда 17 жастағы спортшы жекпе-жек кезінде қайтыс болды
Кеше, 31 наурызда Ақтау қаласындағы «Батыр» спорт кешенінде өткен Nomad MMA бойынша облыстық жарыс кезінде 17 жастағы спортшы көз жұмды. Қайғылы хабарды Маңғыстау облысының Nomad MMA федерациясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Наурыз, 2024
«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 5 боксшымыз алтынға таласады
27 наурызда Әзербайжан елінің бас қаласы Бакуде бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде Астана уақытымен сағат 16:30 - 19:45 аралығында жартылай финалда жұдырықтасқан 4 боксшымыз да жеңіске жетіп, байрақты бәсекенің финалына шыққан еді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Наурыз, 2024
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Депутат: Тоқыма-тігін саласы аяғына нық тұра алмай отыр
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Қайрат Балабиев жеңіл өнеркәсіп туралы өзекті мәселе көтеріп, Премьер-министр Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Арқалық қаласының маңайындағы Әбдіғаппар хан, Екідің елді мекендерінің эвакуациялауға келісім берген тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Қоғам • 26 Наурыз, 2024
Қазақстанда жаңа мамандық пайда болады
Оқу-ағарту министрлігі педагогтер лауазымдары тізіміне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Наурыз, 2024
Қазақстанның төрт семсершісі Париж жолдамасына таласады
Грузия елінің бас шаһары Тбилисиде шпагамен семсерлесуден әлем кубогі кезеңі өтеді. Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім еткендей, аталған кезеңде 60-тан астам елден жиналған спортшылар рейтингтік ұпай мен Олимпиада жолдамасы үшін тартысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 19 Наурыз, 2024
10 миллион теңге пара алған экс-әкімге сот үкімі шықты
Сәтбаев қалалық соты қаланың экс-әкімі Шапағат Әубәкір мен жеке кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2024
БҚО-да дін мәселелеріне арналған семинар өтті
13-14 наурызда Орал қаласындағы «Jaiqhub» орталығының мәжіліс залында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ, мешіттердің және т.б. мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – психология мамандары Разақов Нұрмұхаммет Шәмшіұлы және Шакимова Лола Сергеевна семинар оқыды.
Форум • 15 Наурыз, 2024
Орталық Азиядағы әкімшілік істер бойынша судьяларға арналған семинар өтті
Жоғарғы Сот және «Орталық Азиядағы құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» атты Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Орталық Азиядағы әкімшілік сот ісі» атты әкімшілік істер бойынша судьяларға арналған VI аймақтық семинар өтіп, барлық облыстардан келген 50-ге жуық судья әкімшілік органдар қызметінің құралдарын: сот қорғауының шегі және ерекшеліктерін талқылады.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2024
«15 см»: Алматы қаласында қалың қар жауды
Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы наурыздың 14-15 күндерінің жауын-шашыны кездегі коммуналдық қызмет жұмысы туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Қазақ боксшылары Париж Олимпиадасына 5 жолдама жеңіп алды
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік іріктеу кезеңі мәресіне жетті. 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) ел намысын қорғады. Әйел боксшылардан ширек финалға шыққан Валентина Хальзова және Алуа Балқыбекова қарсыластарына есе жіберді. Яғни, Қазақстанның әйелдер құрамасы олимпиадаға лицензия ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Наурыз, 2024
«Бәленбай мың еуро берген»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты тың деректі жариялады
Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің заңды өкілі, журналист Қымбат Досжан желіде тағы жазба жариялап, тың дерегін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Наурыз, 2024
Лицензиялық турнир: Нұрбек Оралбай қарсыласын ұтты
Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 80 келідегі әлем чемпионы Нұрбек Оралбайдың екінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2024
Ақтауда 73 көпбалалы ана «Күміс алқа» иегері атанды
8 Наурыз мерекесіне орай, Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған іс-шарада қала әкімінің орынбасары Нұртас Сәли мереке иелерін құттықтады. Іс-шарада 73 көпбалалы анаға «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2024
Қылмыс орын алған жерге мамандардың алды болып жететін – криминалистер. Жете сала оқиға орнындағы дәлел болады-ау деген заттардан саусақ іздерін алады, одорологиялық сараптама жүргізеді, аяқ киім іздерін қарайды, тағысын тағы. Сол жердегі зерттеу жұмыстары дұрыс жүргізілсе, қылмыстың ашылуы да жедел.
Жемқорлық • 08 Наурыз, 2024
10 млн теңге көлемінде пара алған әкімнің ісі сотқа жетті
Пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Қазақстанның экологиялық тиімділік көрсеткіші әлсіреді – сенатор
Елдегі өзекті экологиялық мәселелерді қозғаған сенатор Советбек Медебаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ауаның, судың, топырақтың шамадан тыс ластану проблемаларын назарға алуды сұрады. Оның айтуынша, Қазақстан кейінгі жылдары 180 елдің арасында экологиялық тиімділік рейтингінде 93-інші орынға түсіп, Намибия, Габон, Зимбабве сияқты елдердің де артында қалған, ал жасыл желекке бөленген елдер рейтингісі бойынша 78 елдің ішінде 72-нші орында тұр. Бұл туралы Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жемқорлық • 07 Наурыз, 2024
Түркістанда кеден бекетінің лауазымды қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді
Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 02 Наурыз, 2024
«Ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық». Бұрынғы мәдениет вице-министрі ұсталды
Антикор бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталғанын хабарлады. Ол ірі көлемде сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Ақпан, 2024
Полицейлер Орал қаласында 600-дей киік мүйізін тәркіледі
Орал қаласында полицейлер 600-ге жуық киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тағайындау • 28 Ақпан, 2024
Астана қаласы Есіл ауданының әкімі тағайындалды
Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Астана қаласы Есіл ауданының әкімі лауазымына 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Ақпан, 2024
«JOLTAP» әлеуметтік жобасы: 1 000 астам азамат жұмысқа орналастырылды
Елордада жүзеге асырылып жатқан «JOLTAP» жобасы шеңберінде қала тұрғындары жұмысқа орналасуға көмек, 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады және 13 мамандық бойынша қысқа мерзімді оқуға жазыла алады. Келушілер мен жұмыссыз жастарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 28 Ақпан, 2024
Жұмыста тәртіптік теріс қылық көрсеткен мемлекеттік қызметкерге жаңа мүмкіндік беріледі
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерін Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Ақпан, 2024
Ұлттық құрама XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына аттанды
Бүгін Алматы қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтетін XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына ұлттық құраманы ресми шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz csp_parasport.kz мәліметіне сілтеме жасап.