Тағайындау • 16 Сәуір, 2024

Жаңадан құрылған екі басқарманың басшылары тағайындалды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысы қызметін Батырхан Сүлейменов уақытша атқарады, Ал Нұрлан Нұрғабылов қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасын уақытша басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңадан құрылған екі басқарманың басшылары тағайындалды

Фото: Алматы әкімдігі

Батырхан Сүлейменов 1992 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

2015 жылы Ұлыбританияның Кардифф Метрополитан университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2014 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2017 жылы құрылыс компаниясында Бас директор болып жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап аталған тағайындауға дейін Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болды.

Нұрлан Нұрғабылов 1988 жылы туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы бойынша мен University of Dundee (Ұлыбритания) бітіріп, құқық магистрі біліктілігін алды.

Еңбек жолын 2008 жылы «Macleod Dixon LLP» компаниясының Алматы филиалында бастаған. Астанадағы Үкімет жанындағы ұлттық талдау орталығы экономикалық стратегиялар департаментінде сарапшы-талдаушы болып жұмыс істеген. 2012-2013 жылдары – Әділет министрлігі мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің бас сарапшысы. 2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы болды.

Қала әкімдігі таратқан хабарламада: «Еске салсақ, Алматы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясында жаңа сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармалары бекітілді. Жаңа құрылымдар аудандық әкімдіктердің басқа басқармаларын, аппараттарын оңтайландыру есебінен қалыптасады және штатты ұлғайтуды көздемейді», делінген.