Қоғам • Бүгін, 09:47

Такси үшін жаңа талап енгізілді: Енді апат болған жағдайда тасымалдаушыны анықтау жеңілдейді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушылардың хабарлама беру ережесіне өзгеріс енгізді, деп жазады Egemen.kz.

Такси үшін жаңа талап енгізілді: Енді апат болған жағдайда тасымалдаушыны анықтау жеңілдейді

Фото: depositphotos.com

Енді тасымалдаушы такси қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама жіберуге міндетті. Сонымен қатар, жаңартылған нысанда көлікті ауыстырғанда және жаңадан көлік қосылғанда өзгеріс енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұрынғы тәртіп бойынша, тасымалдаушы белгілі бір көлікке байланбайтын. Бұл жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларға немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген жағдайда жауапты адамды анықтауды қиындататын.

Инватакси қызметіне өзгерістер енгізіледі: Жаңа талаптар қандай?

Осыған байланысты хабарлама нысаны көлік құралының маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін және шығарылған жылын көрсететін мәліметпен толықтырылды.

Бұл шара жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне жауапты такси тасымалдаушысын жедел сәйкестендіруге, сондай-ақ нарықта заңсыз қатысушылардың үлесін қысқартуға мүмкіндік береді.

Атырауда такси жүргізушісі жолаушыға пышақ ала жүгірді

Соңғы жаңалықтар