ыс
Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 мыңнан астам ерікті атсалысып жатыр
Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында еріктілер зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру, жинау, халыққа эвакуация пункттерінде уақытша тұру сияқты шараларды ұйымдастырумен айналысып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 30 Наурыз, 2024
Әскери қызметшілер 100-ге толған майдангерге құрмет көрсетті
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагер барлаушысы Василий Иванович Зинченко 29 наурызда 100 жасқа келген мерейтойын атап өтті. Оны Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының, соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларының қоғамдық қорының өкілдері, десантшы-сарбаздар құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Қостанай облысының 26 ауылында электр жүйесі қалпына келтірілді
Оңтүстік өңірлерде су тасқыны салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмысы жалғасып, барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі мен жұмыс комиссиясы тәулік бойы жергілікті жерлерде жағдайды бақылап, барлық жұмылдырылған құрылымдардың іс-қимылын үйлестіріп отыр.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Ұлытау өңіріндегі су тасқыны наурыздың 25-нен бастап күрделене бастады. Облыс аумағында автожолдардың шайылуының 2 фактісі, су тасуының 11 фактісі тіркелді. Қазірге дейін 66 тұрғын үй (Жаңаарқа ауданы – 38, Ұлытау ауданы – 28), 7 аула (Жаңаарқа ауданы), 9 қыстақ (Ұлытау ауданы – 6, Жаңаарқа ауданы – 3) су астында қалды. 135 адам, оның ішінде 61 бала эвакуацияланды. 349 бас сиыр, 858 бас қой-ешкі және 17 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды.
Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Жағдай тұрақталғанша тұрғындардың басы-қасында боламыз – депутат
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қазыбек Әлішев пен Мақсат Толықбай Ақтөбе облысына барып, су тасқынынан зардап шеккен Қобда ауданы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Ш.Берсиев ауылы тұрғындары аудан орталығындағы пункттерге орналастырылады
Ойыл ауданының орталығы Ойыл ауылындағы спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған. Бұл орындарға Ш.Берсиевтің тұрғындары көшіріледі. Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру жағы қарастырылған.
Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Қостанай облысында зардап шеккендерге төлем төлеу басталды
Өңірде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып, су тасқынына қарсы шаралардың барлығы кешенді жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, 3 ауданның аумағындағы су тасқынынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады, олар –Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласы.
Спорт • 30 Наурыз, 2024
Кабирхан қатысатын Dubai World Cup бәйгесі тікелей эфирде көрсетіледі
Қазақтың әлемге әйгілі арғымағы Кабирхан қатысатын Dubai World Cup бәйгесі бүгін тікелей эфирде көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Наурыз, 2024
Президент елдегі су тасқыны жағдайларына байланысты жиналыс өткізеді
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Абай облысында өзен суы көтеріліп, 50 аула аумағына жайылды
Абай облысының Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылында қардың қарқынды еруі салдарынан Эра өзенінде су деңгейі көтерілді. Салдарынан Первомайская көшесінің бойындағы 50 аула аумағын су басқан. Үйлерге су кірген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 30 Наурыз, 2024
Ұшқыштар су басқан ғимарат төбесіндегі адамдарды құтқарды
Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары Ақтөбе облысында су басқан ғимараттың төбесіндегі адамдарды құтқарды. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақ экипажының шебер қимылы нәтижесінде Ойыл ауданына қарасты Берсиев ауылының 15 тұрғыны құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Мектеп шатырындағы қарды күреп жүріп құлаған ер адам көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысында мектептің шатырын қардан тазартып жүрген ер адам құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Наурыз, 2024
Жангелдин ауданында жоғалған үш адам екі күннен кейін табылды
Жангелдин ауданы Ахмет Байтұрсынұлы ауылына да су кіре бастады. Жарық, жол, байланыс жоқ. Қыстауда отырған шаруа мен оны іздеп кеткен баласы екі күннен бері хабар-ошарсыз кеткен еді. Бұл туралы тиісті орындарға хабар берілген.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Байланыс операторы тұрғындарға тегін қызметтерін аударды
«Beeline» ұялы байланыс операторы төтенше жағдай режімі жарияланған Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарының тұрғындарына тегін байланыс қызметтерін аудара бастады.
Қылмыс • 30 Наурыз, 2024
Гүлмира Сатыбалды жаңа тергеу қорытындысына сәйкес қандай күдікке ілінді
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа тергеу аяқталды. Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Қызылорда облысында ауыл әкімдігі бір литр бензинді 18 мың теңгеге сатып алмақ болған
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сатып алулардың бірыңғай терезесіне тұрақты негізде мониторинг жасау арқылы 131 млн теңгеден астам бюджет қаржатының негізсіз жұмсалу фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
«Оқиғаға еш қызығушылық танытпадым». Бишімбаев сотында екінші адам куәлік етті
Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша екінші күдікті Бақытжан Байжаннан бейнежазбаларды өшіру бойынша тікелей тапсырма алған куәгер Гүлзада Жүсіппекқызы сот алдында оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Тікелей көрсетілім: Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр
Бүгін әйелі Салтанат Нүкенованы жауыздықпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Наурыз, 2024
«Крокус Сити Холлдағы» лаңкестік құрбандарының саны 550-ден асты
Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған теракт салдарынан көз жұмған адамдардың саны күрт артқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Маңғыстауда 40 итбалықтың өлексесі табылды
Каспий теңізі жағалауынан жалпы саны 40 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Ұлытау облысында жағдай бақылауға алынды
Қазіргі уақытта Қарсақбай кентіндегі судың деңгейі қалыпты. Десе де өңірдегі ахуалды өз деңгейінде ұстап тұру үшін штаб кезекшілігі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бұл ретте Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы тарапынан ахуалды қатаң бақылауда ұстаудан бөлек, халықты алдын ала хабардар етіп отыру жұмыстары тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Қостанай облысында 38 елді мекен электр қуатынан ажырап қалды
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласында төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралар жөнінде жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Абай облысында эвакуацияланғандар үйлеріне оралды
Өңірде еріген қар суы салдарынан бөгеттер мен елді мекендерді су басқаны мәлім. Қызыл су жүрген Аягөз, Ақсуат аудандарының тұрғындары арнайы эвакуациялау пунктеріне орналастырылған еді. Бүгін аудан халқы үйлеріне оралды. Жарма және Аягөз ауданындағы су басқан ауылдарға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев арнайы барды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысы Ақсуат ауданында төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Бишімбаев ісі: Бүгін сот отырысы өтеді
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысының бірінші бөлімі бүгін сағат 10.00-де, екінші бөлімі 14:30-да өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Қостанай облысы су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатыр
Қостанай облысының оңтүстік аудандарында тасқын су тағы қайталануы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Ақтөбеде Елек өзені бойындағы бау-бақша ұжымдарының тұрғындары көше бастады
Төтенше жағдайлар қызметі Елек және Қарғалы өзендері көтерілетінін хабарлап, 900-ден астам үй тұрғындарын көшіруге шешім қабылдады.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Су тасқынына байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды
ҚазАвтоЖол өңірлердегі су тасқына байланысты бірқатар облыста республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 28 Наурыз, 2024
Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендер көмексіз қалмайды - облыс әкімі
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов екі күннен бері жойқын су тасқыны болып жатқан Арқалық қаласында, Амнгелді, Жангелдин аудандарында жүр. Арқалықта БАҚ өкілдеріне сұқбат берген әкім жағдайды тікелей өз бақылауына алғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Павлодар облысында үш әкім қатаң сөгіс алды
Павлодарда өткен Төтенше жағдайлар комитетінің отырысында Ақсу қаласының әкімі, Павлодар ауданы мен Тереңкөл ауданының басшылары қатаң сөгіс арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.