Спорт • 03 Мамыр, 2024

Париж Олимпиадасы: Эльжана Таниева жолдамаға ие болды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкент төрінде өтіп жатқан Азия чемпионатында үздік атанып, Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Париж Олимпиадасы: Эльжана Таниева жолдамаға ие болды

Фото: ҰОК

Осылайша көркем гимнастшы Қазақстан қоржынына 50-ші жолдаманы салды.

Эльжана Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ал жарыс ережесі бойынша, квота тек алтын медаль алған спортшыға беріледі.

«Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 133.40 ұпай жинады. Ол Азия чемпионатының алтын медалімен бірге, Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізіп отыр», деп хабарлады ҰОК. 

Тағы бір Қазақстан спортшысы Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады.