ас
Оқиға • 02 Шілде, 2024
Ақтауда 10 млн теңге ұрлаған инкассатор өзіне оқ атқан
Ақтаудағы банктердің бірінің ғимаратында инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, өзіне оқ атқан, деп хабарлайды Egemen.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 02 Шілде, 2024
ШЫҰ саммиті: Астанада қандай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі?
Қалалық полиция департаменті ШЫҰ саммитіне байланысты жолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қою жоспарланғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Саясат • 01 Шілде, 2024
Қазақстанның 4 қаласында террористік қауіптің «сары» деңгейі белгіленеді
Елордада 2-5 шілде аралығында бірқатар маңызды іс-шаралар мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік ресми сапары өтеді деп жоспарланған. Осыған орай Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындарына үндеу жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Шілде, 2024
Қостанайда Qnet қаржы пирамидасының басшысы сотталды
Қостанайда бес жыл ішінде ондаған инвесторды алдап, ақшасын қайтармаған Qnet қаржы пирамидасын құрған алаяқтың ісіне қатысты сот үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Шілде, 2024
Астанадағы саммит: Әуежай мен вокзалдарда жұмыс уақыты өзгере ме?
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Астана төрінде бас қосады. ШЫҰ саммиті өтетін күндері елорда әуежайы күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Шілде, 2024
Биыл мемлекетке 312 млрд теңге қайтарылды - Бас прокуратура
Бас прокуратурада облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың қатысуымен, сондай-ақ барлық аумақтық прокуратуралардың онлайн қосылуымен 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Шілде, 2024
СҚО-да полиция департаменті ауруханасының басшысы ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысында полиция департаменті ауруханасының басшысы ұсталды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде аурухана басшысының пара алды деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тараған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Шілде, 2024
Қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне төленетін шәкіртақы мөлшері артады. Тиісті қаулыға Үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Шілде, 2024
Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Азамат Қалдыбеков Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Шілде, 2024
Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер берілді
Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге 5 жаңа үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 01 Шілде, 2024
Сәтбаев университетінің студенттері ант қабылдады
Сәтбаев университетінің 447 студенті Қазақстан армиясының запастағы офицерлер қатарына қосылды. Олар 17 әскери мамандық бойынша арнайы дайындық бағдарламасын аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Шілде, 2024
Каспий теңізінің деңгейі көтерілді
Биыл Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің деңгейі 119 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Шілде, 2024
Астана күніне орай бұқаралық велошеру өтті
Астана күніне орай бұқаралық велошеру ұйымдастырылып, оған 700-дей әуесқой спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 01 Шілде, 2024
Өскемен-Алтай тасжолында көлік өртеніп кетті
Кеше Өскемен-Алтай тасжолында жеңіл көлік өртеніп кетті. Оқиға орнына құтқарушылар дереу жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Маусым, 2024
Өмірім, тіпті ауыр болып кетті: бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек жан сырын ақтарды
Біршама уақыттан бері туған анасын іздеп жүрген, Арқалық қаласындағы балалар үйінен бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 30 Маусым, 2024
Елордада ҰБТ өткізу мерзімі кейінге шегерілді
Астанада кейбір талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Маусым, 2024
Астана күнінде елордада қандай шаралар өтеді?
Әкімдік өкілдері Астана күнінде елордада қандай шаралар өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Маусым, 2024
Астанада тағы бір жол учаскесі жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 28 Маусым, 2024
2023 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдан бері іздеуде жүрген У. есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды
Бүгін - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекеге орай отандық БАҚ саласының өкілдеріне жыл сайын құрмет көрсетіліп келеді. Өткен жылы еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген журналистер мен басқа да қызметкерлерге 65 пәтердің кілті табысталған еді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Маусым, 2024
Екібастұз электр станциясында апат болды
Екібастұз МАЭС-1-де апат болып, бірнеше энергоблоктың жұмысы тоқтаған, деп хабарлайды Egemen.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
Комиссия Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартылды. Бұл туралы бүгін, 28 маусымда Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
«Жүректен жүрекке»: Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үй берілді
Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде баспанасынан айырылған отбасыларға тұрғын үй алып беріп, қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Маусым, 2024
Астанадағы LRT аумағынан өрт шықты
Бүгін Алматы ауданына жақын «Нұрлы жол» вокзалының маңында салынып жатқан LRT бағаналарының аралықтары арасындағы қалыптарда өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Маусым, 2024
Абай облысында мас жүргізуші полицейді қағып кеткен
Абай облысының Аягөз ауданында жаяу жүргіншілер жолағында мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткен. 35 жастағы полицей сол жерде көз жұмды, деп жазады Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Елорда • 28 Маусым, 2024
Астанада Орталық мешіт маңындағы жол уақытша жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Мәңгілік Ел даңғылындағы жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Маусым, 2024
Астанада жаңа ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылады
29 маусымнан бастап Астанада Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында жаңа ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 28 Маусым, 2024
Париж-2024: Бокс сайысының бастапқы жеребесі тартылды
27 маусымда Париж-2024 ойындарындағы бокстан бастапқы жеребе тарту өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
Бельгиядан анасын іздеп келген Жәнібектің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды - ІІМ
Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев анасын Бельгиядан іздеп келген қазақ Жәнібек Савельевтің оқиғасына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 28 Маусым, 2024
"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Биылғы іріктеудің екінші легінде стипендия 84 қазақстандыққа тағайындалды. 78 адам магистратураға, 6 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының докторантурасына түсті, деп жазады Egemen.kz.