Елорда • 01 Шілде, 2024

Астанадағы саммит: Әуежай мен вокзалдарда жұмыс уақыты өзгере ме?

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Астана төрінде бас қосады. ШЫҰ саммиті өтетін күндері елорда әуежайы күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.

Астанадағы саммит: Әуежай мен вокзалдарда жұмыс уақыты өзгере ме?

Фото: vechastana.kz

Көлік министрлігі әуежай мен вокзалдардың жұмыс уақыты өзгермейтінін, қауіпсіздік шарасы күшейтілетінін мәлімдеді. 

«Тұрақты рейстердің ұшуы кесте бойынша жоспарланған. Саммитті өткізу кезеңінде жұмысқа сала мамандары мен диспетчерлік құрам тартылды. Жүзден астам қызметкер резерв ретінде жұмылдырылып, елорда әкімдігімен бірлесіп шет тілдерін білетін еріктілер тартылып жатыр. Сондай-ақ Алматы және Қарағанды қалаларында қосымша әуежайлардың дайындығы көзделген», делінген министрлік хабарламасында.

Шанхай ынтымақтастық ұйымын өткізу шеңберінде елордадағы теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді. Бүгінде теміржол көлігі Астана-1 станциясынан тәулігіне 23 бағыт бойынша 11 мыңға жуық жолаушыны, ал «Нұрлы жол» теміржол вокзалы 8 мың жолаушыны 19 маршрут бойынша тасымалдап жатыр.