Ар
Президент • 06 Ақпан, 2025
Реформалар жойқын дауыл жағдайында жүзеге асырылды - Талғат Қалиев
6 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Қ.К. Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелері» атты тақырыпта «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat.» Ұлттық сараптама алаңының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
ҚҚС-ның өсуі бөлшек саудамен айналысатындарға әсер етпейді - Серік Жұманғарин
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС-ның өсуі кімдерге әсер етпейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
Мажоритарлық жүйе халықтың сайлауға сенімін оятты
Мемлекет басшысының соңғы 3 жылғы реформаларының нәтижелерін Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының (ҚЗСИ) сарапшылары талқылады. Талқыланған реформаның бірі – қайта енгізілген Мажоритарлық сайлау туралы болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
Астанада Бейжің декларациясының 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Елордада Бейжің декларациясының 30 жылдығына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» 1325-қаулысының 25 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу өтті. Бұл –әйелдердің құқықтарын кеңейтуге және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі құжаттар, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
Конституциялық соттың құрылуы заң үстемдігін нығайтты – сарапшылар
ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында сарапшылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларының нәтижелерін талқылап, маңызды реформалардың мемлекет құрылымына айтарлықтай өзгерістер енгізгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Ақпан, 2025
Үш жылда шетелден 1,7 трлн теңге қайтарылған
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының (ҚЗСИ) сарапшылары мемлекет басшысының кейінгі 3 жылдағы реформаларының нәтижелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Ақпан, 2025
Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін
Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Ақпан, 2025
Жынысын ауыстырғандар жарысқа қатыса алмайды
АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендерлердің әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатыса алмайтындығы туралы жарлыққа қол қойды. «Әйелдер спортына еркектерді қытыстырмау» атты құжат Ақ үйдің ресми сайтына жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Ақпан, 2025
Америкада заңсыз мигранттар түрмеге тоғытыла бастады
АҚШ-тан депортацияланған мигранттар Гуантанамо түрмесіне жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды
Әлем • 06 Ақпан, 2025
Ақ үй Байденді Қазақстанға қатысты әрекеті үшін айыптады
Ақ үйге қайта оралған Д. Трамптың баспасөз хатшысы 5 ақпан күні БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2025
Павлодарлық фермерлер 406 млн теңге субсидияны заңсыз алған
Ертіс-Баян өңірінің шаруалары 2020-2023 жылдары ірі қара мал бойынша жалпы сомасы 406 млн теңгеден астам субсидияны заңсыз алған. Прокуратура тексеруінен соң бұл қаражаттар қазіргі күні мемлекетке қайтарыла бастады.
Ауа райы • 05 Ақпан, 2025
Екі облыста таңға дейін автожолдар жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарламаларында айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Ақпан, 2025
Санитарлық авиация ұшағы әуежайға жетпей қонуға мәжбүр болды
Бүгін қатты боранның салдарынан Қостанайдан Арқалыққа ұшып бара жатқан «АН-2» санитарлық ұшағы әуежайға жетпей қонды. Арқалық қаласынан 1,5 шақырым жерге қонған ұшақта екі ұшқыш, екі дәрігер – барлығы төрт адам болған.
Құқық • 05 Ақпан, 2025
Сотталған екі адамның ісі жаңадан сот қарауына жолданды
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған 2 адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Ақпан, 2025
«Азық-түлік корпорациясының» қаржылық жағдайын тұрақтандыру керек - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Ауыл» партиясы «Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» акционерлік қоғамының қаржылық-экономикалық жағдайын тұрақтандыру мәселесін ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Министр су басу қаупі бар облыстарды атады
Мәжілісте өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су басу қаупі бар 23 елді-мекен анықталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 05 Ақпан, 2025
Страдиваридің скрипкасы саудаға түспек
ХVII ғасырдағы атақты скрипка жасау шебері Антонио Страдиваридің скрипкасы бәссаудада рекордтық бағаға сатылуы мүмкін. Аспап 12-18 млн долларға бағаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2025
Қанат Бозымбаев «Қосқорған» су қоймасының жағдайымен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Кентаудағы «Қосқорған» су қоймасына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2025
Вице-премьер Түркістан облысына барды
Жұмыс сапарының мақсаты – аймақты дамыту жұмыстарымен танысу, су нысандарының жай-күйін бақылау, мемлекеттік бағдарламалардың халыққа қолжетімділігін үйлестіру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2025
Шымкентте үш адам мерт болған ойын саябағы бұзылады
Соңғы жылдары Шымкенттегі «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағында өрт шығып, қайғылы оқиғалар салдарынан екі студент пен бір ересек адам қаза тапты. Соттың шешімен аталған саябақ бұзылатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 05 Ақпан, 2025
Депутаттар уран өндірісін дамытатын заң жобасын әзірледі
Мемлекет басшысының геологиялық барлауға инвесторларды кеңінен тарту арқылы мұнай-газ секторында ресурстық базаны нығайтуға және уран өндірісінде терең өңдеуге байланысты тапсырмаларын іске асыру мақсатында Парламент депутаттары жаңа заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Ақпан, 2025
Қосшы тұрғындарын 67 миллионға алдап кеткен әйел сотталды
Әйел қытайдан келетін арзан тауарларды ұсынып, 33 тұрғынның 67 миллион теңгеден астам ақшасын алдап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Темір жол саласында 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет», деген еді. 2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы отандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 жүк және 122 жолаушы вагоны. Өндіріс көлемінің артуы жылжымалы құрамды жаңартуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Ақпан, 2025
Елге келген туристерге QR-коды бар арнайы карточка беріледі
Енді елге кірген әрбір шетелдік қонаққа шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Ақпан, 2025
Шетелден қайтарылған ақшаға жаңа мектеп салынады
Үкімет Ұлытау облысы Қаражал қаласында мектеп салу үшін қайтарылған қаржыдан 1,4 млрд теңге бөлді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 04 Ақпан, 2025
Түркия Сирияның қарулы күштерін дайындамақ
Түркия Сирияда екі әскери база құрып, Сирия армиясын оқытуға көмектеспекші, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 04 Ақпан, 2025
Қарағандыда екі адам қар құрсауында қалып қойған
Бүгін Қарағанды облысы Балқаш қаласынан 140 шақырым жерде Саяқ кенті бағытында құтқарушылар екі ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Ақпан, 2025
Өскемен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымды қызметке Абзал Мәулетханов кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Ақпан, 2025
Қазақстанда 400 мыңнан астам шетелдікке ЖСН берілген
Өткен жылы елімізде ұялы байланыс операторларына тіркеліп, банк карталары мен шоттарын ашқан 435 408 шетел азаматына жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Музей • 04 Ақпан, 2025
Мұхтар Мағауиннің тұрған үйі музейге айналады
Қабырғалы қаламгер,тарихшы, ғалым Мұхтар Мағауин 2 ақпанда 85 жасқа толар еді. Осы күнге орай марқұмның Америкадағы шаңырағында ұлы қаламгерді еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.