Оқиға • 05 Ақпан, 2025

Санитарлық авиация ұшағы әуежайға жетпей қонуға мәжбүр болды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қатты боранның салдарынан Қостанайдан Арқалыққа ұшып бара жатқан «АН-2» санитарлық ұшағы әуежайға жетпей қонды. Арқалық қаласынан 1,5 шақырым жерге қонған ұшақта екі ұшқыш, екі дәрігер – барлығы төрт адам болған.

Санитарлық авиация ұшағы әуежайға жетпей қонуға мәжбүр болды

«Суыт хабар түсе салысымен Костанай облысының ТЖД өрт сөндірушілері жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Облыстық ТЖД мен Арқалық қаласында жедел штабтар құрылып, жедел желі жүйесі іске қосылды», деп мәлімдеді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Облыстық ТЖД жариялаған видеода: «Жедел іздеп тапқан Төтенше жағдай бөлімшесіне рахмет. Арқалық қаласына кетіп барамыз», дейді  ұшақта болған дәрігердің бірі.

Құтқарушылардың шұғыл іс-қимылының нәтижесінде ұшақтағы адамдар аман-есен табылып, Арқалық қаласына жеткізілді. Жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15