Спорт • 06 Ақпан, 2025

Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында  мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін

Фото: olympic.kz

Бақтияр Артаевтың айтуынша, «Тарлан» бокс кешенін мемлекеттің балансына алу жоспарланған. Егер осы жұмыс ойдағыдай аяқталса, бокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жұмысқа қабылданады.

«Бокс кешенін мемлекеттің балансына алсақ, Сыр өңірінің мақтанышы Қамшыбек Қоңқабаевты жұмысқа қабылдаймыз.  Сонымен қатар, Тұрсынбай Құлахмет секілді жас мамандарды да шәкірт тәрбиелеу жұмысына тартып жатырмыз. Өңірде боксты дамытуға барынша көңіл бөлініп келеді. Өздеріңізге белгілі, жуырда 81 келі салмақ дәрежесінде Азамат Бектас ел чемпионы атанды. Осындай чемпиондарды дайындау жұмыстарын одан әрі жандандырамыз », деді Бақтияр Артаев.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың спорттағы мансабын аяқтағаны айтылған еді. 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан ол Олимпиададан бөлек, екі рет әлем чемпионатының (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021) атанды.

 
Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше