Еті
Қоғам • 04 Наурыз, 2024
Жер сілкінісінде науқасқа ота жасаған хирургтар жұрттың ризашылығына бөленді (видео)
Кардиология ғылыми-зерттеу институтының хирургтары жер сілкінісіне қарамастан науқасқа ота жасауды жалғастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 04 Наурыз, 2024
«Qazsport» телеарнасы бокстан әлемдік лицензиялық турнирді тікелей эфирде көрсетеді
Италияның Бусто-Асрицио қаласында басталған бокстан әлемдік лицензиялық турнир 11 наурызға дейін өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2024
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожол жабылды
18:00-дегі жағдай бойынша ауа райы қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 1 автожолда барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2024
Жетісуда 34 интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелді. Залал – 25 млн теңге
Өткен айда облыс аумағында 34 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Алаяқтықтың негізгі түрі «ОЛХ», «Instagram» интернет-сайттарында онлайн-сатып алулар, «банк қызметкерлерінен» қоңыраулар, жеке деректерді иемдену және несие рәсімдеу арқылы болған.
Спорт • 26 Ақпан, 2024
«Жоспарымды іспен дәлелдеп үйренгенмін». Головкин қызметіне қатысты пікір білдірді
Бүгін кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің Президенті болып сайланды. Комитеттің Бас ассамблеясында спортшы қызметтегі нәтижесін сөзбен емес іспен көрсететінін, оған халықаралық тәжірибесі септесетінін тілге тиек етті, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Ақпан, 2024
Бүгінгі сағат 09.30-дағы жағдай бойынша ауа райы қолайсыздығынан республикалық маңызы бар 1 автожолда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2024
Жетісулық тұрғын 30 мыңдай голланд қызғалдағын өсірді
Жетісулық тұрғын Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 30 мыңға жуық голланд қызғалдағын баптап өсірді. Өнеркәсіп альпинизмі мамандығына машықтанған Сарқан ауданының тұрғыны Бауыржан Бөлегенов негізгі жұмысынан бос уақытын қызғалдақ өсіруге арнап, оған 6 миллион теңгеге жуық жеке қаражатын жұмсаған. Осы күні оның өз қолымен салған жылыжайында қызғалдақтың сан алуан түрі көз қуанта өсіп жатыр, жазады Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 22 Ақпан, 2024
«100 млн теңге ұрлаған»: Жетісу облысында коммуналдық мекеменің бұрынғы директоры сотталды
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2024
Оқушылар информатика сабағында тыйым салынған сайттарға кірген
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары Петропавлдағы 9 орта мектепте оқушылар тыйым салынған сайттарға кіргенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды. «ҚазМұнайГаз» тарапынан құрылған комиссияның тексеру жұмысынан кейін осындай шешім қабылданды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ахуалға байланысты құрылған комиссия жұмысының нәтижесін жария етті.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2024
«New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінде Әнұранымыз шырқалды
Нью-Йорк қаласындағы «Leman Ballroom» залында «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымының ашылуында Қазақстан дизайнерінің ұлттық сән үлгілері ұсынылып, қазақ әншісі өнер көрсетті.
Экономика • 16 Ақпан, 2024
Жұмыртқа құнына шекті баға қою ұсынылды
Сауда комитеті нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу мақсатында жұмыртқаға шекті баға қоюды ұсынды. Мамандар осы мақсатта құс өсірушілер одағы мен еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының, құс фабрикаларының басшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Жетісу облысында алғашқы үшем дүниеге келді
Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны үшем дүниеге әкелді. Бұл – Жетісу облысы жаңадан құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. Сәбилеріне Зейнеп, Зейін, Зейнұр деген есім берген Дүмбергеновтердің тұңғышы қазір 10 жаста. Сөйтіп жас отбасы көпбалалы атанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған: Алматыда қару жасырылған 3 орын табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысында қару жасырылған 3 орынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысының Күзет қызметі бастығы тағайындалды
Аталған лауазымдық тағайындау туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Ақпан, 2024
Париж Олимпиадасы: медальдар ресми түрде таныстырылды
Париж Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті ойындардың жүлделерін (медальдарын) ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Пойыз билеттерін қалай тез әрі артық шығынсыз алуға болады?
Мереке қарсаңында әуе, теміржол билеттері құны жылдам өзгеріп, өседі. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ билетті тез әрі артық шығынсыз алудың жолдарын бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Ақпан, 2024
Жетісу облысы әкім аппаратының басшысы тағайындалды
Жетісу облысы әкімінің өкімімен Түкібаев Сәкен Ғалымұлы облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Білім • 01 Ақпан, 2024
Жалақыдан 530 млн теңге жымқырған. Жетісай ауданы білім бөлімі есепшілері тергеуге алынды
Түркістан облысының прокуратурасы «Жетісай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Ақпан, 2024
Бокс: Қазақстанда өтетін беделді турнирлердің тізімі
Азия бокс конфедерациясының (ASBC) баспасөз қызметі 2024 жылы Қазақстанда өтетін турнирлер тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2024
Жетісуда оқушыларды тасымалдайтын автобус берілді
Жетісуда 336 жалпы білім беретін мектеп бар, онда 129 мыңнан астам оқушы оқиды. Бүгінде 1708 бала шағын елді мекендерден қатынайтындықтан оларға тасымалдау ұйымдастырылған. Соған сай 67 көлік қызмет көрсетеді. Күні кеше жергілікті бюджет есебінен тағы 5 су жаңа автобус берілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2024
Жетісу облысында кәсіпорындардың біріне 2,3 млрд теңге айыппұл салынды
Жетісу облысының прокурорлары коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату қызметін көрсететін кәсіпорынның міндетті төлемдерді төлеуден жалтару тәсілін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қаңтар, 2024
Биыл Астанада қандай жарыстар өтетіні белгілі болды
2024 жылы Астанада бірнеше ауқымды халықаралық спорттық іс-шара өтеді. Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Еркеғали Корбозов спортшылар дайындықты бастап кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2024
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2024
Жас ғалымдар аграрлы өңірдің әлеуетін көтермек
Жетісу – аграрлы өңір болғандықтан ғылымға бет бұрған жас ғалымдар ауылшаруашылығына қажетті өнімдерді зерттеп жатыр. Бұл игі іспен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жанынан құрылған биотехнология және экологиялық ғылыми-зерттеу институты айналысып отыр. Орталық дәнді дақылдардың жаңа түрін ойлап тауып, экологиялық таза сүт өнімдерін әзірлемек. Біз осы орайда оқу орнына арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайттық.
Қаржы • 19 Қаңтар, 2024
Дихандарға жеңілдетілген несие беріледі
Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс, жиын-терім науқанына орай аграрларға берілетін несиені қаржыландыруды бастады. Бюджеттік кредит аясында 15 млрд теңге мөлшеріндегі несие берудің бірінші кезеңін «Аграрлық несие корпорация» АҚ жүзеге асырады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2024
Жетісу облысында 70 шетелдік азамат жауапқа тартылды
Жетісу облысының полицейлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп 8-14 қаңтар аралығында өңір аумағында «Шетелдік» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 70 шетелдік азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 18 Қаңтар, 2024
1999 жылға дейін шетелдіктер асырап алған балалар туралы мәлімет жоқ – сенатор
Сенатор Дархан Қыдырәлі Үкімет басшысына және Бас Прокурорға депутаттық сауалын жолдап, шетелге кеткен жетімдердің тағдыры туралы мәселе көтерді. Депутат аталған мәселенің бірнеше рет көтерілгенін, прокуратура тарапынан жағдайды реттеу әрекеттері болғанын, бірақ, тексеріс нәтижесі беймәлім екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 15 Қаңтар, 2024
Ақын-жазушылар балалар әдебиетін дамыту тетіктерін талқылады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева балалар тақырыбында қалам тербейтін ақын-жазушылар, балалар баспасы басылымдарының бас редакторлары, Журналистер және Жазушылар одағы өкілдерінің, сондай-ақ республикалық кітапхана директорларының басын қосып, «Шығармашылық зиялы қауым - Қазақстан балаларына» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын Алматы қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2024
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті дерегінше, күші 3 балға дейін жеткен жерасты дүмпуін сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz.