Қоғам • 16 Сәуір, 2024

Жайықта су деңгейі тағы көтерілді

917 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы соңғы ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.    

Жайықта су деңгейі тағы көтерілді

Фото: Видеоскрин

Айта кетсек, өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуіне байланысты Жайық өзеніндегі су деңгейі біршама көтерілді. Бұл «Қазгидромет» мамандары жүргізген гидрологиялық мониторинг кезінде белгілі болды.

16 сәуірдегі сағат 08:00-дегі жағдай бойынша:

Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 см., су деңгейі +10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 315 см-ді құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 см., су деңгейі + 10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 347 см-ді құрап отыр.
   
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 387 см., су деңгейінің көтерілуі +14 см., су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 196 см-ді құрайды.

Мамандардың айтуынша, су деңгейі әлі де көтеріледі.