КТ
Экология • 21 Сәуір, 2026
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Астанада экология саласындағы ірі инвестициялық жобаға жол ашылды. Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық Shenzhen Energy Environment Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ван Ганмен кездесіп, қалдықтарды кәдеге жарату және озық экологиялық стандарттарды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2026
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Петропавл қаласында автожол өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асты. Іс бойынша күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Үкімет отырысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмыспен қамтудың жаңа тетіктері талқыланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев инклюзивті еңбек нарығын дамыту және қолдаудың проактивті моделін енгізу жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Сәуір, 2026
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында жасөспірімдер арасындағы жанжал атысқа ұласып, салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға мектеп іргесіндегі саябақта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Сәуір, 2026
Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді
Жетісу облысында мектептердегі медициналық қызмет сапасына қатысты өрескел заңбұзушылықтар анықталды. 3 мыңнан астам оқушы дер кезінде медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Сәуір, 2026
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен еліміздің киберқауіпсіздігін нығайту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2026
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан инвесторлар, бизнес өкілдері және өзге де шетел азаматтары үшін елге кіру, виза рәсімдеу және рұқсат құжаттарын алу тәртібін оңтайландырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2026
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Елімізде балалардың ана атануы – қоғамды толғандырған өзекті мәселелердің бірі. Көбіне зорлық-зомбылықтың салдарынан болатын ерте жүктілік жағдайлары соңғы кездері жиілеп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Сәуір, 2026
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Түркияның Измир қаласында білім ошағына қарулы шабуыл жасамақ болған сегіз адамнан тұратын топ қолға түсті. Күдіктілердің басым бөлігі мектеп жасындағы жасөспірімдер екені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келешек мектептері • 17 Сәуір, 2026
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Келешек мектептері» жобасына қатысатын 7-8 сынып оқушылары арасында өткен футзалдан республикалық турнир мәресіне жетті. Ауқымды жарыс Ұлттық мектеп лигасының ресми ашылуымен тұспа-тұс келіп, үлкен спорт мерекесіне ұласты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2026
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Көкшетау қаласында жүктіліктің 34-аптасында жүрген әйелге қаңғыбас иттер шабуыл жасап, ол медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Сәуір, 2026
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Скандинавиялық антициклонның сілемі еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз, біршама салқын ауа райын сақтап тұр. Дегенмен атмосфералық ауа массаларының ауысуына байланысты алдағы күндері температураның біртіндеп көтерілуі күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Сәуір, 2026
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Елімізде ірі цифрлық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын іске асыру қарқын алды. Жоба аясында инвесторлар тарту, энергетикалық база құру және арнайы жеңілдіктер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Сәуір, 2026
Жыл соңына қарай инфляция 10%-ға дейін төмендейді
Қазақстандағы конституциялық өзгерістер мен экономикалық саясаттың жаңа бағыттары халықаралық рейтингтік агенттіктер назарында тұр. Вашингтонда өткен кездесуде елдің институционалдық дамуы, инфляцияны тежеу және тұрақты өсім мәселелері жан-жақты қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Құпия орында бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде болған күдікті ұсталды
Қарағанды облысында полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алу үшін қолданылатын ең төменгі жеткілікті шекті есептеу тәртібі өзгертіледі. Жаңа тәсілге сәйкес, енді азаматтың жинақтары алынғаннан кейін олардың өмірінің соңына дейін ай сайынғы төлемдерге жетуі тексерілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 15 Сәуір, 2026
Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды
Астанадағы мектептердің бірінің аумағында болған қоғамдық тәртіп бұзушылық дерегі полиция қызметкерлерінің жедел әрекетімен анықталып, жолы кесілді. Оқиғаға қатысқан барлық тұлға заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 15 Сәуір, 2026
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені қалдықтарды тиімді пайдалану арқылы «жасыл» энергетиканы дамытуға бет бұрып отыр. Соның айқын дәлелі – құс фабрикасы негізінде іске қосылған биогаз жобасы, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 15 Сәуір, 2026
2027 жылдан бастап азаматтардың қарыз көлеміне шектеу енгізілуі мүмкін
Қазақстанда азаматтардың жалпы қарыз жүктемесіне шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 15 Сәуір, 2026
Атыруда ЖИ арқылы 4500-ден аса құқықбұзушылық анықталған
Атырау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика жүйесі енгізіліп, 400 камера ЖИ арқылы жұмыс істеп тұр. Бүгінде аталған қызмет арқылы 4500-ден астам құқықбұзушылық анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Сәуір, 2026
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Түркияның Шанлыурфа провинциясында мектепте қарулы шабуыл болып, 16 адам зардап шекті. Оқиға Ахмет Коюнджу атындағы Анатолия кәсіби-техникалық лицейі аумағында болған. Мәліметтерге сәйкес, 19 жастағы жігіт алдымен мектеп ауласында, кейін ғимарат ішінде ұзын ұңғылы қарумен оқ атқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келешек мектептері • 14 Сәуір, 2026
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Жетісу облысына қарасты Жаркент қаласындағы орта мектепте заманауи STEM зертханасы жұмыс істеп тұр. Бұл білім алаңы оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, инженерлік ойлау мен шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2026
«Несиеңіздің мәртебесі жаңартылды»: Ұлттық банк алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті
Елімізде азаматтардың дербес деректерін иемденуге бағытталған телефон алаяқтарының әрекеті жиілеп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк тұрғындарды сақ болуға шақырады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 14 Сәуір, 2026
Ұлбосын Есенбекова: «Ақылды» машиналар жылдам дамыған сайын адамдарға жақындай түседі
Бүгінде жасанды интеллект технологиялық дамудың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Ол тек IT саласымен шектелмей, экономиканың, білімнің, медицинаның, өндірістің және күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Осы ретте жасанды интеллектінің қауқары туралы цифрлық технологиялардың адам мен қоғамға тигізетін ықпалын, ұлттың рухани, тілдік-мәдени құндылықтарын цифрлық ортада сақтау мәселелерін, сондай-ақ медиа тұтыну логикасының эволюциясын зерттеп жүрген белгілі ғалым, профессор Ұлбосын Мейірбекқызымен әңгімелескен едік.
Үкімет • 14 Сәуір, 2026
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды, оның ішінде астық тасымалдауды қаржыландыру мен қаржы ресурстарының қолжетімділігін кеңейтуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 14 Сәуір, 2026
Олжас Бектенов: Әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық геосаяси ахуал жағдайында ішкі резервтерді барынша іске қосу қажеттігін мәлімдеді. Үкімет басшысының алға қойған басты мақсаты – жыл соңына дейін орнықты экономикалық өсімді 5%-дан жоғары деңгейде сақтау, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Сәуір, 2026
І тоқсандағы экономикалық өсімді өңдеу, құрылыс, көлік және сауда салалары қамтамасыз етті
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің орындалуы Үкімет отырысында қаралды. Жиынға Олжас Бектенов төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Сәуір, 2026
«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды
Қазақстанда «Келешек мектептері» жобасы аясында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Жоба басталғалы бері ел аумағында 217 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Бұл білім ошақтары оқушы санының артуы мен жаңа технологияларға негізделген оқытуға бейімделген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Сәуір, 2026
Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр
Елімізде ағаш рет мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тетігі арқылы Атырау қаласында дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернат-колледжінің құрылысы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 13 Сәуір, 2026
Ғарифолла Әнестің 6 кітабы таныстырылды
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнестің ғылыми еңбектерінің таныстырылымы өтті. Іс-шараны Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Арыс» баспасы және Ұлттық академиялық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.