Фото: Ашық дереккөз
Полиция мәліметінше, Уинстон-Салем қаласындағы Лейнбах саябағына мектеп оқушылары жиналған. Жасөспірімдер арасындағы төбелес кенеттен атысқа ұласып, қайғылы жағдаймен аяқталды.
Атыс салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бірнешеуі түрлі деңгейдегі оқ жарақаттарын алған. Тәртіп сақшылары келген сәтте саябақта оқиғаға қатысы бар бірнеше адам, соның ішінде құрбандар мен күдіктілер болған.
«Қатысушылардың саны көп болғандықтан, барлық зардап шеккендердің орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың кейбірі кәмелетке толмаған жасөспірімдер екені белгілі болды», деп мәлімдеді полиция өкілдері.