Қар
Әлем • 24 Ақпан, 2026
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлемнің астанасы саналатын алып шаһар Нью-Йоркте ақпан айы ерекше қысымен мінез көрсетіп тұр. Бүгін қалаға тізеден асқан қар жауды. Адам сапырылысып жататын әйгілі Манхэттенде өлі тыныштық орнап, көшелер қаңырап бос қалды, деп жазды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2026
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Қарағанды облысында республикалық маңызы бар Қарағанды – Жезқазған автожолы бойынша реконструкциялау жұмыстары наурыз айының ортасында басталмақ. Бұл туралы өңірдегі жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жүйелі жоспар аясында мәлім етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 24 Ақпан, 2026
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егін егу және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруге 700 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мәлімдеді. Қаржыландыру тетіктері ерте іске қосылып, диқандарды ресурспен қамтамасыз ету шаралары алдын ала пысықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Қатты боран салдарынан өңірдегі қозғалыс тоқтап, республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда қозғалыс шектелді. Ең күрделі жағдай Қарағанды – Астана бағытында қалыптасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Ақпан, 2026
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Президенттің жер қойнауын зерделеу және еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен 2026 жылы кешенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Тиісті қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 23 Ақпан, 2026
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елордада қыс басталғалы коммуналдық қызмет күшейтілген тәртіпте, тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Қар күреу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Ақпан, 2026
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Облыстық Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары Қостанай-Қарабұтақ» тас жолының бойында қар құрсауында қалған жолаушыларды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Ақпан, 2026
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2026
Қар көшкіні: Алматы тұрғындары мен туристерге тауға шықпауға кеңес берілді
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті және «Қазселденқорғау» мекемесі тұрғындар мен туристерді тауға шықпауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 20 Ақпан, 2026
Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?
Жаһандық сауда кеңістігі түбегейлі өзгеріп барады. Нарықта табысқа жету үшін сапалы өнім ұсыну жеткіліксіз, сенімді қаржылық тетік те қажет. Төлем кепілдігі мен тәуекелді басқару мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Осындай жағдайда экспорттық-кредиттік агенттік ұсынған құралдар сыртқы нарыққа жол ашатын маңызды тірекке айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Атырауда 102 млн теңгенің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды
Атырау облысында былтыр бес қаржы пирамидасы анықталды. Бұл пирамидаларда 2 мың салымшы тіркелгелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Абай және Батыс Қазақстан облыстарында 20-дан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Абай және Батыс Қазақстан облыстарындағы тасжолдарда қатты боран тұрғындарды әбігерге салған. Құтқарушылардың мәліметінше, 20-дан астам адам, оның ішінде бала мен жүкті әйел қауіпсіз жерге жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Петропавлда 21 жастағы жігіт өзіне қол жұмсады
Петропавлда 21 жастағы аниматор өзін өзі атып өлтірді. Ол сүйіктісімен жанжалдасып, кейін өз өмірін қиған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 20 Ақпан, 2026
«Google салығы»: Қаңтар айында бюджет қоржыны 8,7 млрд теңгемен толықты
Цифрлық экономика қарқынды дамыған кезеңде салық салудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету негізгі міндеттердің біріне айналды. Осы бағытта Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жүйелі әрі белсенді жұмыс жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2026
Ski Patrol қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған екі адамды аман алып қалды
Shymbulak тау курортының Ski Patrol қызметкерлері Шымбұлақ өзені маңында қар көшкіні астында қалған фрирайдерді құтқарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2026
Референдумға қатысты заңсыз сауалнама жүргізген ақпараттық агенттікке айыппұл салынды
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты ақпараттық агенттікке қатысты істі қарап, сайлау заңнамасын сақтамай қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгені үшін жауапкершілік жүктеді. Сот шешімімен жауапты серіктестікке айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2026
Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды
17 ақпанда «102» арнасына мұз үстінде адам қалып, оған шұғыл көмек қажет екені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Кенжебек Әлибаев пен Олжас Бортай дереу жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Ақпан, 2026
Әлем кубогі: Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден 14 медаль еншіледі
Колумбияның Медельин қаласында көркем жүзуден Әлем кубогінің алғашқы кезеңі өтті. Қарағанды облысының спортшылары маусымды жоғары деңгейде бастап, 14 медаль еншіледі: бес алтын, алты күміс және үш қола, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Бірқатар мемлекеттік мекемеде штат саны қысқарады
Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы кадр ресурстарын басқаруды оңтайландыруға бағытталған бұйрықты бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 16 Ақпан, 2026
ҚазҰУ мен Сингапур технологиялық альянс құрды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub инновациялық өнімдер және жоғары технологиялық жобалар орталығында Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығы салтанатты түрде ашылды. ASTRASEC PTE. LTD (Сингапур) компаниясы мен «Qubitera» ЖШС серіктестігі негізінде жүзеге асқан жоба ұлттық кванттық экожүйені қалыптастыруға серпін бермек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Ақпан, 2026
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам зардап шекті. Облыстық Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді
Жасыл желекке оранған Төр Алтайдың табиғатын қызғыштай қору, қорғау әркімнің жауапкершілігінде. Десе де, тілсіз жаудан қорғану үшін Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне су жаңа өрт сөндіру техникаларын табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті
Тараз қаласында қалың қар жауғаннан кейін су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында инженерлік тазарту жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Қарағанды облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының қызметі ресми түрде басталды. Бұл коалиция жаңа Конституция жобасының баптарын кеңінен қоғамдық талқылау және түсіндіру, сондай-ақ оның негізгі ережелерін облыс тұрғындарына жеткізу мақсатында құрылды. Бастама азаматтармен ашық диалогты күшейтуге және қоғамды мемлекеттік реформалар процесіне тартуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2026
Астаналық құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды
Бүгін сағат 15:30 шамасында Төтенше жағдайлар қызметіне астаналық азамат көпірден секіруге бекінгенін хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 13 Ақпан, 2026
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Жаңа Конституция ел дамуының жаңа бағдарын айқындайды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалиция «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 12 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қанша қаражат жұмсалады?
2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумның алдын ала бюджеті жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды
Түркістан облысы Сайрам ауданында танысына травматикалық оқ атқан күдікті қолға түсті. Облыстық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті тұрмыстық жанжал кезінде қару қолданған, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 12 Ақпан, 2026
Шығыс Қазақстан жастары референдумды қолдайды
15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты. Олар үшін болашақ – алыс көкжиек емес, бүгінгі таңдаудан басталатын нақты жауапкершілік. Өйткені мемлекет ертеңі әр азаматтың саналы шешімі мен азаматтық ұстанымына байланысты айқындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Жамбылды бір-ақ сәтте қар басты: 300-ден астам қызметкер көшелерді қардан тазартып жатыр
Жамбыл облысында ауа-райының күрт бұзылып, қалың қар түсуіне орай өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жолдарды тазалау және қысқы күтіп-ұстау жұмысы қызды, деп хабарлайды Egemen.kz.