Өнер
Алматы • 05 Желтоқсан, 2025
Балаң суретшілер Тәуелсіздік күніне тарту жасады
Ұлттық орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай "Көк аспан астында" деп аталған сурет көрмесі есік ашты, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2025
«Қазақтың шешендік өнері» кітабының тұсауы кесілді
Алматыдағы М.Әуезов атындағы кітапханада әдебиет зерттеуші, филология ғылымының кандидаты Мамай Қаниұлы Ахетовтің «Қазақтың шешендік өнері» атты үш томдық көлемді ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2025
Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ширек ғасыр мерейтойын атап өтті
Бұрнағы күні Қызылжарда С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ашылғандығына 25 толған мерейтойы аталып өтті. Оған өнер ордасының тұңғыш режиссері Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек бастаған театр шымылдығын алғашқы болып ашқан өнерпаздар, одан бері де біраз жылдар қызмет істегендер және жалпы өнер сүйер қауым тегіс жиналды деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Желтоқсан, 2025
Биыл өңдеу өнеркәсібінде 1,5 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосылады
Өңдеу өнеркәсібінде жыл соңына дейін 1,5 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Өнер • 29 Қараша, 2025
Өнердің адам ағзасына әсері жай ғана шабыт не эмоция тудырып қоюмен шектелмейтіні ғылыми түрде дәлелдене бастады. Лондондағы King’s College университетінің мамандары жүргізген жаңа зерттеу түпнұсқа суреттерді көру адамның биологиялық күйіне тікелей ықпал ететінін көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 24 Қараша, 2025
Тоқыма шеберлері Алматыда бас қосты
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде пэчворк пен квилтингтің дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнеріне арналған тоғызыншы «Шығыс базары» пэчворк-фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қараша, 2025
Silk Way Star: Қазақстан Еуразияның жаңа медиабрендін қалыптастырып келеді
Президент телерадиокешені Қытайдың CMG медиакорпорациясымен бірлесіп жасаған халықаралық вокалдық байқау Silk Way Star бүгінде еліміздің ең танымал экспортталатын медиаөнімдерінің біріне айналып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қараша, 2025
Silk Way Star: Қазақстанда өткен музыкалық жобаның жеңімпазы кім болды?
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде халықаралық Silk Way Star вокалдық конкурсы гранд-финалының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 23 Қараша, 2025
Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда
Өнер – шекарасы жоқ шексіз әлем. Almaty Theatre сахнасында бас қосқан халықаралық балет жұлдыздары рухани астанамыздың тұрғындарына ұмытылмас әсер сыйлады. FREEDOM FESTIVAL IV жобасы аясында өткен әсем кеш «Астана Опера» театры ұсынған «Пахита» балетімен ашылып, Германиядан арнайы шақырылған Berlin Ballet Company ұжымының CHOREO X бағдарламасына ұласты, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 23 Қараша, 2025
Silk Way Star финалында Әзербайжан мен Армения өкілдері көрерменді тебірентті
Астанада өткен Silk Way Star халықаралық музыкалық байқауының финалында Әзербайжан мен Армения өкілдері арасындағы әсерлі сәт көрерменнің назарын аударды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Silk Way Star қатысушыларын құттықтады
Бүгін беделді халықаралық өнер додасы өз мәресіне жетеді, деп хабарлайды Ақорда.
Өнер • 22 Қараша, 2025
Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды
Silk Way Star конкурсының жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталады: 50% – қазылар алқасының шешімі, 50% – көрерменнің онлайн-дауыс беруі. Дауыс беру жүйесі барынша ашықтық пен барлық қатысушыларға әділдікті қамтамасыз ету мақсатында «Евровидение» сияқты халықаралық байқаулар үлгісінде әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 21 Қараша, 2025
Астанада «КОБА» сериалының премьерасы өтті: қазақы нуар қалай жасалды?
Астанада «КОБА» атты жаңа қазақстандық криминалдық драманың офлайн-премьерасы өтті. Сюжеттің негізінде сүйіктісінің жұмбақ өліміне қатысты істі тергеп, қылмыстық топтың ізіне түсетін арнайы қызмет маманының хикаясы көрсетіледі. Сериалды Кинопоиск платформасынан эксклюзивті түрде көруге болады.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Көкшетауда қолөнер шеберлері ғажайып бұйымдарды көпшілік назарына ұсынды
«Шебер қолдан шыққан терме баулар төрде айқасып, кіре бергенде көзіңе соғылады». Иә, Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» шығармасынан алынған осы бір ғана сөйлемде он саусағынан өнер тамған халқымыздың ісмерлігі тіліміздегі сөздіктің алтын қорымен сипатталады. Облыс орталығы Көкшетау қаласында қолөнер шеберлерінің байқауы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада жиырмаға тарта шебер бақтарын сынады, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 19 Қараша, 2025
Астана Silk Way Star-дың гранд финалына дайындалып жатыр
Азияның алғашқы вокалдық мега-жобасы Silk Way Star финалистері Астанадағы соңғы шешуші кезеңге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 19 Қараша, 2025
Silk Way Star еуропалық сарапшыларды жоғары кәсібилігімен таңғалдырды
Silk Way Star байқауы аймақтан тыс жерлерде де көрермен назарына ілікті. Еуропалық сарапшылар жобаның дайындық сапасы мен мәдени маңызын жоғары бағалап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 18 Қараша, 2025
Ерекше жаңалық: отандық ғалымдар бірегей табысқа қол жеткізді
Қазақстандық зерттеушілер қаратақтатасты кендерден ванадий электролитін алудың жаңа технологиясын жасады, бұл елімізге энергия сақтау жүйелерінің маңызды компонентін өз күшімен өндіру мүмкіндігін ашты, деп жазады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Мәдениет • 18 Қараша, 2025
12 жастағы қазақ қызы «Голос. Дети» шоуының финалында өнер көрсетеді
Қазақстанның 12 жастағы тұрғыны, әнші Жасмина Түзелова «Голос. Дети» музыкалық шоуының финалына жолдама алды. Бұл туралы жас орындаушы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Мәдениет • 17 Қараша, 2025
«Түрік ғажаптары» Ақтауға келді
Ақтауда Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының гранттық тапсырысымен Түркия мемлекетінде бір айға жуық шығармашылық сапарда болған суретшілердің арт-экспедициясы аясында «Түрік ғажаптары» атты сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Қараша, 2025
Silk Way Star мегажобасының финалистері анықталды
12 елдің өнерпаздары мен миллиондаған көрерменнің басын қосқан Азиядағы алғашқы ірі вокалдық мегажоба – Silk Way Star жобасының жартылай финалы аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қараша, 2025
Шара Жиенқұлованың бұрын жарияланбаған сирек бейнематериалы табылды
Қазақтың алғашқы кәсіби бишісі, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың сирек бейнематериалы "Архив-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының Красногорск қаласындағы Ресей мемлекеттік кинофотоқұжаттар архивінен табылды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 13 Қараша, 2025
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Алматының әсем табиғатын айшықтаған сурет көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Жеке кәсіпкер Қызылорда облысындағы агроөнеркәсіптік жобаға 51 млрд теңге жұмсады
Жалағаш ауданында Harvest Kazakhstan агроөнеркәсіптік кластерінің жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба өңірде жоғары технологиялы суармалы егіншілікті дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Өнер • 07 Қараша, 2025
«Астана Опера» оркестрінің скрипкашысы Италияда өнер көрсетті
Италияның Камольи қаласында «Астана Опера» театры оркестрінің скрипкашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 05 Қараша, 2025
Қазақстандық актер Джеки Чанмен бірге киноға түседі
Белгілі қазақстандық актер Рүстем Омаров әлемге әйгілі Джеки Чанның Алматыда түсірілетін халықаралық жобасына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Қараша, 2025
Ректор ҚазҰУ базасында қолөнер орталығының ашылатынын мәлімдеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «AI-Art: Бояудағы болашақ» атты шығармашылық пленэр ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 01 Қараша, 2025
Екібастұзда алғашқы кәсіби театр ашылды
Екібастұз қаласындағы «Өнер» мәдениет сарайында жаңа кәсіби театр ашылды. Маусым ақын Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» драмасымен басталды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 31 Қазан, 2025
«Шабыт» халықаралық жастар фестивалі өтеді
Қараша айының 18-22 күндері аралығында Астанада «Шабыт» XXVIII Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Президент Өнер орталығына барды
Мемлекет басшысы көрермен залын аралап көріп, облыстық симфониялық оркестрдің дайындық барысын тамашалады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапат • 24 Қазан, 2025
Аида Балаева сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Республика күніне орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық мәдениет, өнер және медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан 62 қайраткерге мемлекеттік награда табыстады. Марапаттау рәсімі Астанада Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.