Тұлға • Кеше

Халық әртісі Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

КСРО Халық әртісі, кино және театр өнерінің абызы Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп жазады Egemen.kz.

Халық әртісі Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Асанәлі Әшімұлы Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жайылма ауылында туған.

Кино және театр актері, режиссері, театр педагогы, профессор, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М. Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр.

Ал, А.Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен және т.б көптеген бейнелерді сомдады.

Әшімов қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі. Оның кинодағы Бекежан, Шадияров, Мәмбет, Қасымханов рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі түсірілді.

Соңғы жаңалықтар