м
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Қазақстанда басталған конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңін айқындап отыр. Бұл тек нормаларды түзету емес, билік тармақтарының жауапкершілігін нақтылау және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған қадам. Реформа жағдайында заң шығарушы орган – Парламенттің рөлі айрықша мәнге ие бола бастады.
Медицина • 25 Ақпан, 2026
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Астанада вакцина арқылы алдын алуға болатын ауруларға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды. Кездесу «Біз вакцинациялау арқылы болашақ ұрпақты қорғай аламыз» тақырыбында өтіп, 2026-2028 жылдарға арналған қалалық жоспар аясында өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Ақпан, 2026
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 25 Ақпан, 2026
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Қызылорда облысы прокуратурасында облыс прокурорының тұрақты жеке қабылдауы өткізіліп келеді. Осындай кездесулердің бірінде Сабалақ саяжайының тұрғындары елді мекенге табиғи газ тарту мәселесін көтерген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Ақпан, 2026
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Бүгін еліміздің бірнеше аймағында ауа райы құбылып, тұман түсіп, көктайғақ пен екпінді жел байқалады. «Қазгидромет» мамандары қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ескерту жариялады. Әсіресе таулы және жол қатынасы қарқынды өңірлерде сақ болу қажет, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2026
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 25 Ақпан, 2026
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматыдағы Oi-Qaragai тау курортында Еуразиялық тау курорттары альянсының III фестивалі мен тау туризмін дамыту жөніндегі Еуразиялық форумның салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 25 Ақпан, 2026
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Алматыда өткен салалық жиында қала мен өңірдің тау туризмін кешенді дамыту мәселесі талқыланып, жетекші мамандар мен инвесторлар өз көзқарастарын білдірді. Спикерлер Алматының бірегей табиғи әлеуеті мен географиялық артықшылықтарын атап өтіп, кластерлік тәсіл арқылы өңірді халықаралық деңгейдегі тау туризмі орталығына айналдыруға болатынын жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласының туризм басқармасы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 25 Ақпан, 2026
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды
25 ақпан түні Астана халықаралық әуежайында Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаны жанкүйерлері зор ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2026
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Астанада Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдар, әлеуметтік серіктестер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Сіз маңызды жетістікке жетіп, айналаңыздан мақтау естіген сәтте іштей: «Бұл жай ғана сәттілік, ерте ме, кеш пе менің ештеңе білмейтінімді бәрі түсінеді» деп ойлаған кезіңіз болды ма? Егер иә болса, сіз «алаяқ синдромымен» (Imposter Syndrome) бетпе-бет келдіңіз. Бұл – адамның өз жетістігін лайықты деп санамай, оны кездейсоқтыққа балап, өзін ішкі әлемінде «білімі жоқ алдаушы» ретінде сезінуі. Бұл ауру емес, психологиялық күй. Ол адамның кәсіби дамуына, өзін-өзі бағалауына және өмірден алатын қанағатына тікелей әсер етеді.
Референдум • 24 Ақпан, 2026
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Елімізде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға 12 миллионнан астам сайлаушы қатыса алады. 15 наурыз күні өтетін маңызды шарадан елден жырақ жүрген отандастарымыз да тыс қалмауы үшін шет елдегі өкілдіктер жанынан учаскелер ашылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке үміткерлер іріктеледі. Іріктеу 10 сәуірге дейін жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Ақпан, 2026
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Қазақстанда оқушылардың сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануына заң жүзінде шектеу қойылған. Бұл норма 2024 жылы «Білім туралы» заңға енгізіліп, 2026 жылдың ақпан айына дейін елдегі барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер тек ақпарат алмасу құралы ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесіне, психологиялық күйіне тікелей әсер ететін үлкен ортаға айналды. Көпшілік күн сайын орта есеппен 2-3 сағатын телефон лентасын парақтауға жұмсайды. Алайда, бұл әдет уақыт өте келе «цифрлық депрессия» деп аталатын күйге алып келуі әбден мүмкін.
Ата заң • 24 Ақпан, 2026
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Алматыда Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен сарапшылар «Қазақстанның Жаңа Конституциясы – қоғамның топтастырушы әлеуеті» тақырыбында талқылау өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 24 Ақпан, 2026
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Алдағы он жылда Қазақстанның еңбек нарығы ауқымды кадр тапшылығына тап болуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасаған орта мерзімді болжамға сәйкес, 2035 жылға қарай ел экономикасына шамамен 2,9 млн қызметкер қажет болады. Бұл – бір сәттік сұраныс емес, алдағы онжылдықтағы жинақталған қажеттілік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 24 Ақпан, 2026
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Алматыда алғаш рет жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылып, жаңа буынмен жұмыс істеуді көздейтін инфрақұрылымды дамыту жалғасады. Осы орайда жаңа орталықтар ашу, жобалардың ауқымын кеңейту, кеңес беру көлемін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Ақпан, 2026
Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов әлеуметтік желілерде тараған Жалал-Абад облысындағы Манас қаласы бұрынғы атауына қайта оралады деген ақпараттың шындыққа еш жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Ақпан, 2026
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық агенттіктерге, соның ішінде Қорғаныс министрлігіне, белгісіз ұшатын нысандар (НЛО) мен жерден тыс өмірге қатысты үкіметтік құжаттарды анықтап, жариялау процесін бастауды тапсырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Ақпан, 2026
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Ел мектептерінде үшінші оқу тоқсан аяқталуға жақын. Белгіленген кестеге сәйкес, 2026 жылғы көктемгі демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін жалғасады. Жалпы 11 күнге созылатын бұл демалыс Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2026
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Маңғыстауда Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ұжымына жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Туризм • 24 Ақпан, 2026
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Бүгін Алматыда өтіп жатқан III Еуразиялық тау курорттары альянсы (ЕТКА) фестивалінде ЕТКА-ның Жасыл хартиясы қабылданды. Бұл хартия Еуразия кеңістігіндегі тау туризмі индустриясының тұрақты дамуының ортақ қағидаттарын айқындайтын стратегиялық құжат саналады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 24 Ақпан, 2026
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Елімізде жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға 12 миллионнан астам сайлаушы қатыса алады. Осыған байланысты Алматы мен Астанада тұрғындарға өздерінің дауыс беру учаскесін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы байланыс арналары іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 24 Ақпан, 2026
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан «Kazakhstan Pipe Threaders» зауыты өңірдегі жұмыспен қамту мен кәсіби кадр даярлау ісіне елеулі үлес қосып келеді. Аталған кәсіпорын әлемдік деңгейдегі Tenaris компаниялар тобына кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2026
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Өңір диқандары аталған жұмыстар үшін барлық қажетті тауарлық және материалдық қажеттіліктермен қамтылған. Бұл туралы Үкімет отырысында Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 24 Ақпан, 2026
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Маңғыстаудағы маңызды стратегиялық нысанның бірі − «МАЭК» ЖШС (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты) ұжымы жаңа Конституцияны қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Ақпан, 2026
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Көктемгі егін егу жұмыстарын сапалы жүргізу үшін Үкімет диқандарға арнап дизель отынының бағасын нарықтық бағадан 15%-ға төмен етіп бекітті. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Белгілі кәсіпкер Арсен Томский мәнерлеп сырғанаудан Милан-Кортина-2026 Олимпиадасының алтын медаль иегері Михаил Шайдоровтың әкесі Станислав Шайдоровқа Audi Q8 көлігін тарту етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Жаңа жылдан бері жүргізушілер көлік нөмірін өз қалауынша таңдауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде небәрі бір айдың ішінде ел тұрғындары әдемі мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне шамамен 6 млрд теңге жұмсаған, деп жазады Egemen.kz.