Ел азаматтарына 1 қаңтардан бастап әріп пен цифрды еркін таңдауға рұқсат берілді. Бұл қызметтің құны 43 мың теңгеден сәл асады. Көпшілік бірдей немесе айнадай қайталанатын сандарды, сондай-ақ өз аты-жөнінің бас әріптерінен құралған комбинацияларды таңдаған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алғашқы айда 140 мыңнан астам өтінім түсіп, олардың басым бөлігі мақұлданған.
Осылайша, мемлекеттік бюджетке шамамен 6 млрд теңге түскен. Қызметке деген жоғары сұраныс алғашқы күндері арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам қарасын көбейтіп, кезек туғызды. Кейін бұл мәселені шешу үшін қызмет мобильді қосымшаға енгізіліп, рәсімдеу барысы едәуір жеңілдетілді.
Мамандардың айтуынша, жаңа тетік жүргізушілерге қолайлылық беріп қана қоймай, қазына кірісін арттыруға да ықпал еткен.
Енді көлік нөміріне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады