и
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Ақтөбеде балаларына алимент төлемеген әке сотталды
Былтыр және биыл алимент төлемеу фактілері бойынша облыс прокуратурасы 37 сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмысын бастады. Оның ішінде 7 борышкерге қатысты айыптау үкімдері шығарылды, 10 қылмыстық іс қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды, 20 іс өндірісте, деп жазады Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 27 Ақпан, 2025
Әскери даярлықтың сапасына мән беру қажет – Дархан Қыдырәлі
Қазақстандағы әскери білім беру жүйесіне ауқымды реформалар қажет. Оқу орындарын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру туралы Президенттің тапсырмасына қарамастан, материалдық-техникалық база әлі де ескірген қалпында қалып отыр, ал практикалық дайындық деңгейі төмен. Сенатор Дархан Қыдырәлі бүгінгі депутаттық сауалында осы мәселені көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Памела Харристі қабылдады
Қасым-Жомарт Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Тоқаев Памела Харриске ілтипат білдіріп, жауапты қызметке сайлануымен құттықтады. Сонымен қатар оның тәжірибесі Ұйым қызметіне тың серпін беретініне сенім білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
«Қазақфильм» жерді сатуға қатысты мәлімдемеге пікір білдірді
«Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ жер сату, киножобаларды қаржыландыруға қатысты ақпараттар мен Е.Төлеутаевтың жазбасына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 27 Ақпан, 2025
Әскери оқуға үміткерлерді қатаң іріктеу күтеді
Енді әскери жоғары оқу орнына түсу үшін жоғары академиялық білім ғана емес, сондай-ақ тамаша физикалық және психологиялық дайындық та қажет, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 27 Ақпан, 2025
Колледждер сержанттарды даярлауды жалғастырады
Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 27 Ақпан, 2025
Қазақстанда құрсақішілік ота қолжетімді бола бастады
Отандық медицина саласындағы оңды жаңалықтың бірі – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрсақішілік операциялар жасау жөніндегі жобасы белсенді дамытылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Мектептердегі алғашқы әскери дайындық жүйесі жаңартылады
Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған алғашқы әскери дайындық курсы жаңартылып, жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Ақпан, 2025
Әскери кафедралардың қызметін реттейтін заңнамаға өзгеріс енгізіледі
Қорғаныс министрлігі жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың қызметін реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды , деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Ақпан, 2025
Әскери институттардың 50-ден астам түлегі генерал атағын алған
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери институттарының 50-ден астам түлегі генерал атағына ие болды. Бұл туралы Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Қуатбекұлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Ақпан, 2025
Әскери оқу орындарына өтінішті онлайн беруге болады
Қорғаныс министрлігі кадрларды іріктеу мен даярлау сапасын арттыру үшін цифрлық технологияларды белсенді енгізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте Полковник, Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 27 Ақпан, 2025
Боксты Олимпиада ойындарында сақтап қалу қажет - Головкин
26 ақпан күні Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) World Boxing халықаралық федерациясын уақытша мойындағанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Қостанайда 21 жыл бұрын жасалған қылмыстың беті ашылды
Қостанай облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері мен қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері өткен жылдардағы аса ауыр қылмысты ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Елімізде екі әскери колледж ашылады
ҚР Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектептерінің базасында екі жаңа әскери колледждің құрылатынын жариялады. Алматы қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі, ал Қарағанды қаласында Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2025
Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымының өсуіне мүдделі
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Жеңішбек Асанқұловпен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары елге экстрадицияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, іздеуде болған Садвақасов Т.Х.-ны Қазақстан Республикасының аумағына жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
Концлагерь тұтқынында болған атыраулыққа 1 миллион теңге беріледі
Атырау облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі майдангер қалмады. Бірақ соғыс кезінде концлагерьдің тұтқынында болған Екатерина Абсатырова тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Ақпан, 2025
Елімізде жаңбырлатып суару машиналары шығарылады
ADAM компаниялар тобы 2024 жылы «SU BEREKE» брендімен отандық алғашқы 30 жаңбырлатып суару машиналарын өндірді, олардың 7-уі ШҚО-да жинақталды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2025
Қазақстанда алғаш рет жер сілкінісінен цифрлық сақтандыру енгізілді
Бүгін сақтандыру нарығының белді сарапшысы сейсмикалық сілкіністер салдарынан баспана айтарлықтай қирап, мүліктер бүлініп, жоғалған жағдайда сақтандыру төлемдері қалай берілетінін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 26 Ақпан, 2025
Майдан естеліктеріне арналған көрме ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Жеңіс тарихы: әр сурет бір тағдыр» атты көрме ашылды. Тағылымды шара Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» жалпыреспубликалық музейлік акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Алматы • 26 Ақпан, 2025
Алматыдағы Даңқ мемориалы жаңартылады
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы аумағында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 26 Ақпан, 2025
Сенаторлар халықаралық воркшопқа қатысты
Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жасанды интеллект және этика: тұрақты болашақ» тақырыбы бойынша воркшоп өтіп, оған Қырғызстан, Мысыр, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен өкілдер келіп қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2025
Семейдегі оқушыны ұрған балалар арнайы мектепке жіберілуі мүмкін
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы мектеп оқушылары арасындағы кикілжіңге байланысты жиын өткізді. Жиынға прокуратура, полиция департаменті, Білім басқармасы басшылары және бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Ақпан, 2025
Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Ақмола облысындағы жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 26 Ақпан, 2025
Отандық компаниялар ТМД нарығына шығады
Мәжіліс депутаттары еркін сауда-саттық жасау, қызмет көрсету, кәсіпорындар ашу және инвестициялар тарту туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Ақпан, 2025
Президент Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Egemen.kz. Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Ақпан, 2025
Қорғалжын табиғи қорығына апаратын жол жөнделеді
Қорғалжын табиғи қорығына апаратын «Астана – Қорғалжын» автожолында жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Ақмола және Қостанай өңірлеріне жасаған жұмыс сапары аясында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 26 Ақпан, 2025
ЖИТС жұқтырғандарды кемсітушілікке жол жоқ
1 наурыз – Кемсітушілікке қарсы күрес күні (Zero Discrimination Day). Ол 2014 жылдан бастап БҰҰ шешімімен жыл сайын атап өтіледі. Осыған байланысты Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары арнайы іс-шаралар ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мәселелеріне назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, оның осалдығына әсер ететін факторларды жою, әр адамның қадір-қасиетімен толыққанды өмір сүру құқығын еске салу.
Оқиға • 26 Ақпан, 2025
Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры жабылады
Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.