Қоғам • 27 Ақпан, 2025

«Қазақфильм» жерді сатуға қатысты мәлімдемеге пікір білдірді

82 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы» АҚ жер сату, киножобаларды қаржыландыруға қатысты ақпараттар мен Е.Төлеутаевтың жазбасына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақфильм» жерді сатуға қатысты мәлімдемеге пікір білдірді

Фото: 24.kz

«Қазақфильм» ай соңында бірнеше фестивальдің нәтижесіне сәйкес «Әбіл» фильмінің шығармашылық ұжымы міндетті түрде құттықталатынын айтты. 

Киностудия «Әбіл» фильмінің авторларының сапарын қаржыландыру мәселесі қаралып жатқанын хабарлады. Осы тақырып аясындағы мәселені шешу үшін киностудия әрдайым ашық диалогқа дайын екенін және «Әбіл» жобасының авторларымен бірнеше рет кездескенін мәлімдеді. 

Киностудия фильмдерді ілгерілетуге бөлінетін қаражаттың шектеулі болуына байланысты жекеменшік кинокомпаниялармен әріптестік негізде жұмыс істейді.
«Әбіл» фильмі бойынша киностудияның серіктесі – «Танарис» ЖШС кинокомпаниясы. Бұл компания фильмді халықаралық кинонарықтар мен кинофестивальдерде таныстыру және оны коммерциялық сатылымға шығару бойынша қаржылық міндеттемелерді өз мойнына алған. Осыған орай, киностудия келісімшарт аясында шығармашылық топтың сапарын қаржыландыру үшін «Танарис» ЖШС-не ресми сұраныс жолдады. Алайда, қазіргі уақытқа дейін аталған кинокомпания жауап берген жоқ. Соған қарамастан, «Қазақфильм» өз мүмкіндігі шегінде «Әбіл» фильміне қолдау көрсетіп, қажетті көмегін ұсынып жатыр», делінген хабарламада. 
 
Сонымен қатар жерді сату немесе «Қазақфильмді» қасақана жою туралы мәлімдемелерге де жауап берілді. 
 
«Бұл болжамдардың барлығы шындыққа жанаспайтын, әдейі бұрмаланған ақпарат екенін мәлімдейміз. Мұндай әрекеттер киностудияның даму мүдделеріне қайшы келеді және қазіргі басқару саясаты аясында қарастырылмаған. 2025 жылғы 25 ақпанда Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайында орналасқан «Қазақфильм» ғимаратының алдында рұқсат етілмеген митинг өтіп, жиналғандар киноиндустрияны дамыту жөніндегі ұсыныстарға өз наразылығын білдірген еді. Киностудия басшылығы митингке қатысушыларға түсініктемелер беріп, келіссөздер қорытындысы бойынша анимация саласының өкілдерімен кеңейтілген жиын өткізу туралы шешім қабылданды», делінген жазбада. 

«Қазақанимация» ШБ-нің Астана қаласына көшіру мәселесі әлі де талқыланып жатыр.