
Фото: olympic.kz
Осы бастамаға қатысты Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин пікір білдірді.
Геннадий Головкин ХОК-тың World Boxing халықаралық федерациясын уақытша мойындауы маңызды жетістік екенін атап өтті.
«Бұл шешім боксты Олимпиада ойындарында сақтау жолындағы мақсатымызды тағы бір қадам алға жақындатады. Мен World Boxing-ті қолдайтын барлық адамдардың үздіксіз еңбегінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Болашақ спортшылар мен болашақ чемпиондар үшін біздің ортақ мақсатымыз – адалдық пен бейтараптық қағидаттарына негізделген Халықаралық федерация құру», деді Геннадий Головкин.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті осы бағытта әлі де ауқымды жұмыс атқаруға дайын екенін жеткізді.