м
Спорт • 17 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленгеннен кейін Халықаралық коньки тебу одағының (ISU) рейтингінде үздік үштікке енді, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 17 Ақпан, 2026
2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады
Үкімет 2029 жылға қарай 400 млрд доллар жиынтық инвестиция тарту арқылы экономикалық өсудің жаңа моделіне көшуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 17 Ақпан, 2026
Маңғыстаудағы «Қазазот» қызметкерлері референдумда дауыс береді
Маңғыстауда «Қазазот» АҚ еңбек ұжымы қызметкерлеріне жаңа Конституция негіздерін түсіндіру мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Ақпан, 2026
Өткен жылы Қазақстан зауыттары 171 мыңнан астам көлік шығарды
Елімізде автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығы құрылып, саладағы ішкі өндіріс үлесін арттыру көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 17 Ақпан, 2026
Еліміздің мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай 40 млн тоннаға жетеді
Энергетикалық секторды нығайту үшін Үкімет мұнай өңдеу қуатын 18,4 тоннадан жылына 40 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асырып жатыр. Жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) жаңғырту барысы және қуаты 10 млн тонна жаңа зауыт салуға дайындық туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Ақпан, 2026
Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономиканы одан әрі әртараптандыру жөніндегі тәсілдер қаралды, оның ішінде азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Түркістан облысында заңсыз темекі өндірген 3 жасырын цех анықталды
Қаржы мониторингі агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін темекі өнімдерін заңсыз дайындап, таратумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
Отандық су үнемдеу технологиясы: Ғалымдар әзірлеген құрылғылар нарыққа қашан шығады?
Отандық өндірушілер Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазСШҒЗИ) әзірлеген су үнемдеу құрылғыларын коммерцияландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
«Burger King-тегі» дау: Еңбек министрлігі тексеруді бастады
Аутизм спектрінің бұзылысы бар жас қызметкерге қатысты жағдай қоғам назарын аударды. Burger King Kazakhstan мейрамханалар желісінде жұмыс істеген Әлібек Қаратайдың анасы ұлына жұмыс орнында қысым көрсетілгенін айтып, бұл жайтты ашық көтерді. Оның айтуынша, шамамен төрт жыл бойы аспаз болып еңбек еткен жас жігіт соңғы уақытта қалыптасқан ахуалдың салдарынан жұмыстан кетуге мәжбүр болған, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 17 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Италияда төртжылдықтың басты бәсекесі ХХV қысқы Олимпиада ойыны жалғасып жатыр. 17 ақпанға жоспарланған жарыс күнінде отандастарымыз 4 спорт түрі бойынша бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Ақпан, 2026
«Ауыл» партиясы Абай облыстық филиалы алдағы референдумды қолдайтынын білдірді
2026 жылғы 16 ақпанда Абай облысында «Ауыл» партиясы өңірлік филиалының төрағасы Қайрат Смағұловтың басшылығымен Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Ақпан, 2026
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Қазгмдромет синоптиктері 17 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Ақпан, 2026
Халықаралық қауымдастық Конституциялық реформаның ашықтығын бағалады
Бүгін Астанада дипломатиялық корпус үшін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен Комиссия жұмысының қорытындылары туралы брифинг өтті. Іс-шараға Қазақстанда аккредиттелген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 80 өкілдігінің елшілері мен басшылары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Ақпан, 2026
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жарысының жеңімпаздарын марапаттады
Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Ақпан, 2026
Жұмыс орындары, технологиялар, инвестициялар: ТШО-ның жергілікті өндірісті дамытудағы рөлі
«Теңізшевройл» (ТШО) − Атырау облысында жұмыс істейтін жетекші мұнай-газ компаниясы, Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші және ондаған жыл бойы өңір мен ел экономикасының қалыптасуына ықпал етіп келе жатқан ірі инвестор. Компания жергілікті бизнесті қолдау мен ынталандыруда маңызды рөл атқаруын жалғастырып, экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі және Қазақстан мердігерлерімен тұрақты серіктестіктің айқын үлгісі ретінде танылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Ғалымдар диабет және жүрек ауруларының алдын алатын өнім әзірлеп жатыр
Қазақ тағамдық және қайта өңдеу өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) ғалымдары семіздік, 2 типті қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алуға арналған диеталық құрғақ таңғы ас әзірлеу жобасын аяқтап келеді. Жоба халықтың тамақтану сапасын арттырумен қатар, функционалды өнімдер сегментінде импортты алмастыру мәселесін шешуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Алматыда ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
15 ақпан күні Ауған соғысында қаза батқан боздақтардың рухына тағзым жасалды. Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында өткен шараға Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев бастаған ауғандық ардагерлер мен қаладағы мектептердің әскери-патриоттық клубтарының мүшелері қатысты.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Шымкентте тасқын қаупі сейілді ме?
Шымкентте жауын-шашын салдарынан Бадам өзені арнасынан асып, жанындағы елді мекендерді су шайып кетуі мүмкін деген қауіп тұрғындардың үрейін туғызды. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар жұртты сабырға шақырып, өзен жағасындағы үйлер үшін қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша бүгінгі таңда жағдай тұрақты және алаңдауға ешқандай негіз жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті
Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге іріктеу жарысы өтті. Бұл сында Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша бәсекеге түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Қазақстанда бірыңғай медиа-платформа құрылады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов бір топ Сенат депутатының өңірлік деңгейде баспасөз архивтерін құру мәселесіне қатысты жолдаған сауалына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Шымкентте креативті индустриядан түскен салық көлемі 500 млн теңгеге артты
Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында креативті индустрия мен туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Креативті индустрия қауымдастығының төрайымы Жанна Елтанова бұл сала тек шығармашылық қана емес, экономика үшін де жаңа мүмкіндіктер алаңы екенін жеткізді. Осыған байланысты кәсіпкерлерді креативті индустрия бағытында күш біріктіруге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Ақпан, 2026
Ұландықтар самбодан ел чемпионатында 10 медаль жеңіп алды
Қарағанды облысында ересектер арасында самбодан ел чемпионаты өтті. Турнир еліміздің 19 аймағынан 600-ге жуық мықты спортшының басын қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Ақпан, 2026
Ольга Рыпакованың жүлдесі: Жеңіс тұғырына кімдер көтерілді?
Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан XI халықаралық турнир өтті. Шығыстың бас шаһарында дүркіреп өткен дүбірлі додаға әлемнің 10-нан астам елінен 150 спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды
Жамбыл облыстық полиция департаментіне қарасты көші-қон қызметкерлері 40 жыл құжатсыз жүрген азаматтың құжатын рәсімдеуге көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 16 Ақпан, 2026
Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романына қатысты мына бір пікірді жиі естиміз. Эпопеяны әртүрлі жаста оқыған адам оны әрқалай түсінеді. Мәтін өзгерген жоқ, оқырман да баяғы. Бірақ мұнда таным өзгерді, қабылдау күрделенді. Енді оқырман әлдеқашан көзінің нұры, қолының табы қалған қалған сарғыш парақтардан түйсігіне түнемеген жаңа бір әлемді ашады. Немесе керісінше. Біреуге өте керемет көрінген шығарма біреуге түк те әсер етпейді. Неге бұлай? Асылында бұл сұрақтың жауабы көркем қабылдаудың өте күрделі табиғатында жатыр.
Алматы • 16 Ақпан, 2026
Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін
Алматы қаласының Бостандық ауданында Гиннестің рекордтар кітабына енуден үмітті, ұзындығы 110 метрге жететін сырмақ тоқылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті бастады
2026 жылғы ақпанда әлеуметтік желіде Нұрлан Сабуровтың Ресей әскери құрылымына 10 мотоцикл тапсырғаны туралы видео тарады. Осыдан кейін бірнеше елде құқықтық бағалау мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Қаратал ауылы өңірдегі 35-ші «ішімдіксіз ауыл» болып жарияланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.