Инвестиция • Бүгін, 11:29

2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет 2029 жылға қарай 400 млрд доллар жиынтық инвестиция тарту арқылы экономикалық өсудің жаңа моделіне көшуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп жазады Egemen.kz.

2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады

Фото: istockphoto.com

Ұлттық жоспардағы болжамдарға сүйенсек, инвестициялардың Жалпы ішкі өнімдегі үлесі қазіргі 14-15%-дан 2029 жылы 23%-ға дейін ұлғаяды. Нәтижесінде, негізгі капиталға салынатын қаржы ағыны 2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2029 жылы 2,5 есеге артады деп күтіледі. Бұл ретте металлургия, мұнай химиясы, газ өндірісі мен фармацевтика салаларын ілгерілетуге басымдық берілмек.
Бүгінде мемлекет инвестор шақырумен ғана шектелмей, экономикалық өсудің проактивті саясатын енгізуге көшті. Ендігі кезекте Үкімет жергілікті бизнестің сұранысына сай «инвестицияға тапсырыс» қалыптастырып, жаңа өндірістерді өрістету үшін дайын технологиялары бар шетелдік серіктестерді тартуды қолға алады.
«Бұл саясаттың мәні – мемлекеттің тек инвесторларды шақыруымен ғана шектелетін модельден нақты инвестициялық жобаларды қалыптастыру мен іске қосуға мемлекеттің белсенді қатысуы моделіне көшу. Инвестиция тартудың бұл тәсілі экономика салаларының нақты қажеттіліктеріне бағытталған. Аталған жобаларды жүзеге асыру елдегі еңбек өнімділігінің орташа деңгейін арттырады, бұл «орта табыс тұзағын» еңсеру және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің одан әрі өсу үшін қажет негізгі шарттардың бірі», деді Серік Жұманғарин.
Соңғы жаңалықтар