мемлекеттік қызмет
Қоғам • 31 Мамыр, 2024
Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке Telegram-бот арқылы шағымдануға болады
Telegram мобильді қосымшасы нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымданудың жаңа механизмін енгізді. EgovKzBot2.0 бот-платформасы шағым түсіру немесе бюрократияны азайту және бизнес-процестерді жеңілдету туралы ұсыныс енгізу мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Мамыр, 2024
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыратын жоба бастау алды
Алматыда Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің цифрлы үкіметін дамытуға арналған конференция өтті. Корея Республикасының үкіметі қаржыландыратын «Цифрлы трансформация мен цифрлы басқаруды ілгерілету үшін мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру» жобасы биылдан бастап 3 жыл кезеңді қамтиды.
Спорт • 27 Мамыр, 2024
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
2024 жылғы 24 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР-ның дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуын мерекелеу және бұқаралық спорт түрлерін дәріптеу шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Қарағандыда аудан әкімі орынбасарының басы дауға қалды
Қарағанды қаласында аудан әкімінің абаттандыру мәселелері жөніндегі орынбасарының басы дауға қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2024
БАӘ-Қазақстан үкіметаралық бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер білім алып жатыр
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде «Government Accelerators» және «Сapacity Building» саласында мемлекеттік басқаруды трансформациялау бағытында озық тәжірибе алмасу бойынша «Kazakhstan Executive Leadership 2024» бағдарламасының оқуы басталды. Оқытудың басты мақсаты – білікті көшбасшыларды даярлау арқылы қоғамның тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды Egemen.kz Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 14 Мамыр, 2024
Мемлекеттік қызметшілер Түркияда тағылымдамадан өтті
Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері тәжірибе алмасу және біліктілігін арттыру мақсатында Түркияда тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Қазақстанда көріпкелдердің қызметі заңды түрде реттелген бе?
Қазақстанда көріпкел, бақсы, астрологтардың қызметі заңды түрде реттелген бе? Олардың болжамына сенетін адамдардың кесірінен кісі өлімі тіркелсе, денсаулыққа зақым келсе жауапкершілікке кім тартылады? Бұл сауалдарға Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жаңа тыйым енгізілуі мүмкін
Бүгін Мәжілісте Ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулердің таныстырылымы барысында мемлепкеттік қызметкерлерге казино ойнауға тыйым салу ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Ақпан, 2024
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 28 Ақпан, 2024
Жұмыста тәртіптік теріс қылық көрсеткен мемлекеттік қызметкерге жаңа мүмкіндік беріледі
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерін Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Ақпан, 2024
«Ер адамдар ренжімесін»: Президент қызметтегі әйелдердің үлесін жоғары бағалады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты. Жиын барысында Президент мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлі жайында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 15 Ақпан, 2024
Мемлекеттік қызметшілер көшбасшылық бағдарламалар бойынша оқытылады
БАӘ-мен үкіметаралық келісім аясында еліміздің мемлекеттік қызметшілері көшбасшылық бағдарламалар бойынша оқытылатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz МҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
«Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы басталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы аясында оқыту басталды. Оған елордалық жоғары оқу орындарының 3 және 4 курс студенттері қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Тамыз, 2023
Мемлекеттік қызметшілерге казиноға баруға шектеу қойылады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге ойын мекемелеріне барудан бас тартуға нұсқау берген түзетулер жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Шілде, 2023
Садыр Жапаров мемлекеттік қызметшілерді қырғыз тілін білуге міндеттеді
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Қырғыз Республикасының Конституциялық Заңына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 04 Шілде, 2023
Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға бөлінген гранттар саны бекітілді
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау мақсатында жыл сайын магистратура бағдарламаларына 120 грант, докторантура бағдарламаларына 12 грант бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Мамыр, 2023
Мемлекеттік қызметшілер коммуникативтік дағдыларын дамытып жатыр
Бүгін мемлекеттік қызметшілердің қоғаммен байланысын жақсарту мақсатында «Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» семинары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 28 Ақпан, 2023
Сенатта мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы заң жобасы қаралды
Сенатор Андрей Лукиннің төрағалық етуімен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2023
БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды
БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі алдағы уақытта еліміздегі мемлекеттік институттарды нығайту, адам құқықтарын қорғау мәселелеріне баса назар аударады. Бұл туралы БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Ақпан, 2023
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2023
Елімізде «5 минут ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» үлесі 90%-ға жеткізіледі
Үкіметте ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Цифрлық трансформация, IT-саланы дамыту және киберқауіпсіздік тұжырымдамасының 2023-2029 жылдарға арналған жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2023
Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі іске қосылады
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2023 жылдың 1 наурызынан бастап мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесін пилоттық режимде сынақтан өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Желтоқсан, 2022
«Тіл шебері-2022» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды
Кеше Астанада Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Тіл шебері-2022» республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2022
Отбасының цифрлық картасы арқылы 11,7 мың адамға қызмет көрсетілді
«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін пилоттық режимде енгізудің арқасында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 51 мың адамға мемлекеттік көрсетілген қызметтер белсенді көрсетілуі үшін SMS жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 11,7 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 28 Қараша, 2022
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қараша, 2022
Президент мемлекеттік қызметшілерді адал жұмыс істеуге шақырды
Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік қызметшіден өз жұмысын адал атқаруды талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2022
Әріптестерін балағаттаған әкімге қатысты қызметтік тергеу басталды
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың үстінен қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2022
Ақмолада 7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген бақылаудың қорытындысын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қараша, 2022
Мемлекеттік қызметтердің 90%-ы цифрландырылады
Алдағы жеті жылда мемлекеттік қызметтердің 90%-ы проактивті форматта көрсетіледі Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Стратегиялық бастамалар форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қараша, 2022
Мемлекеттік қызметкерлердің ойын бизнесіне қатысуы тексеріліп жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жекелеген мемлекеттік қызметшілердің ойын бизнесіне қатысуын тексеру шараларын жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.