Спорт • 27 Мамыр, 2024

Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

63 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2024 жылғы 24 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР-ның дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуын мерекелеу және бұқаралық спорт түрлерін дәріптеу шеңберінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы  МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

Фото: Астана қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі

Салтанатты іс-шараға ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасарлары Бақытжан Слямов, Сейілжан Ахметов, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қанат Балтабеков қатысты.

Биыл спартакиадаға 8 команда құрамында 200-ден астам мемлекеттік қызметші қатысты. Жарыс спорттың 4 түрінен өтті: шағын футбол, волейбол, шахмат және киберспорт.

Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Шағын футбол: І орын – Мемлекеттік кірістер комитеті, ІІ орын - Астана қаласы бойынша МКД, ІІІ орын - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД.

Волейбол: І орын – «Nur Zholy Customs Service» ЖШС, ІІ орын - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД, ІІІ орын – Ақмола облысы бойынша МКД.

Шахмат: І орын - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД, ІІ орын - бас диспетчерлік басқарма, ІІІ орын - Мемлекеттік кірістер комитеті.

Киберспорт Counter-Strike: І орын - Мемлекеттік кірістер комитеті, ІІ орын –Астана қаласы бойынша МКД, ІІІ орын - БДБ.

Dota2: І орын –«Nur Zholy Customs Service» ЖШС, ІІ орын - Астана қаласы бойынша МКД, ІІІ орын – Мемлекеттік кірістер комитеті.

Іс-шара соңында команда жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті