Елорда • Бүгін, 21:59

Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 1 мамыр күні «Мұз айдынындағы чемпиондар» атты ауқымды мұз шоуы өтті. Қойылым «Барыс Арена» мұз сарайында ұйымдастырылып, оған 9 мыңнан астам көрермен жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті

Шоуды танымал бапкер Этери Тутберидзе басқарды. Мұз айдынына әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары – Элизабет Тұрсынбаева, Алина Загитова, Александра Трусова, Аделия Петросян, Пётр Гуменник және өзге де атақты спортшылар шықты.

Р

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шоуға деген қызығушылық өте жоғары болды. Чемпиондардың өнерін тамашалауға тек елорда тұрғындары ғана емес, Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ жақын әрі алыс шетелдерден келген көрермен жиналды.

Мұз айдынындағы жаңа үміт: Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев туралы не білеміз?

Мұндай ауқымды іс-шаралардың өткізілуі Астананың халықаралық спорттық және мәдени жобаларды өткізе алатын маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Н

Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында Қазақстан туын Михаил Шайдоров алып шықты

Соңғы жаңалықтар