Технология • Бүгін, 10:44

ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды

4 мин
оқу үшін

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан журналистика академиясының бірлескен көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды

Көшпелі отырыс БАҚ өкілдерінің университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін таныстырумен басталды. Журналистер ҚазҰУ-дың озық ғылыми орталықтарының жұмысымен танысып, Қазақстан − Қытай «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» бірлескен зертханасы, Farabi Supercomputer Center және Ми институты, Farabi Hub инновациялық өнімдер орталығы мен Farabi Robotics робототехника орталығын аралады.

Осы шара аясында «Quantum AI» зертханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің базасында құрылған жаңа ғылыми-білім беру орталығы республика аумағындағы баламасыз әрі теңдессіз инновациялық орталық саналады.

Көшпелі отырысты ҚазҰУ басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев ашып, БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Университет басшысы заманауи медиа кеңістіктегі бәсекелестік заманында сапалы кадр даярлаудың маңызын атап өтіп, оқу орнының журналистика саласындағы тарихи миссиясына тоқталды.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – отандық журналистика білімінің алтын бесігі, қара шаңырағы болып қала береді. Біз үшін журналист даярлау – жай ғана диплом беру емес, елдік мүддені ту еткен, сөзіне де, ісіне де жауапты тұлға қалыптастыру», деді Жансейіт Түймебаев.

Өз кезегінде Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев әріптестерін құттықтап, әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы баспасөз өкілдерінің маңызды миссиясын атап өтті.

Айтулы шара барысында отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан сала үздіктеріне арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.

ҚазҰУ енді кванттық компьютерде жұмыс істейтін кадрлар даярлау ісіне басымдық беретін болады. Осы орайда «Quantum AI» зертханасының маңызы зор. Ауқымды жоба алдыңғы қатарлы кванттық жүйелерді өндіруге маманданған SpinQ Technology (ҚХР) халықаралық технологиялық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

ҚазҰУ-да жаңа аудитория ашылды

Жаңа орталыққа заманауи жеті кванттық есептеу жүйесі жеткізілді. Бүгінгі таңда бұл – Қазақстан аумағындағы жалғыз кванттық компьютерлер. Бірегей жабдықтар студенттер мен ізденушілерге оқу сабақтары мен зертханалық жұмыстарды жоғары деңгейде жүргізуге, күрделі ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға және машиналық оқытудың бірегей алгоритмдерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

р

Салтанатты шарада ректор Жансейіт Түймебаев бұл қадамның университетті әлемдік деңгейдегі зерттеу орталығына трансформациялаудағы рөлі зор екенін қадап айтты.

«Қазіргі уақытта жасанды интеллект, үлкен деректер мен кванттық есептеулер әлемдік ғылым мен экономиканың жаңа бағытын айқындап отыр. Кванттық технологиялар мен ЖИ интеграциясы криптография, медицина және күрделі жүйелерді модельдеу саласындағы бұрын классикалық компьютерлердің қауқары жетпеген ең күрделі міндеттерді шешуге жол ашады», деді университет басшысы.

Ректор өз сөзінде білім, ғылым және өндірісті ұштастыру бағыты жалғасатынын, ал зертхана нәтижелері еліміздің технологиялық егемендігін нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің деканы Тимур Иманқұловтың айтуынша, отандық мамандар озық жабдықтармен жұмыс істеуге толық дайын. Жаңа зертхана жоғары курс студенттеріне тәжірибелі тәлімгерлермен бірлесіп, нақты өндірістік жобаларға қатыса алатын ашық платформа ретінде қызмет етеді. Бұл база факультет түлектерінің халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50