Әлем • Бүгін, 10:52

Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін

1 мин
оқу үшін

Қырғызстан парламентінің депутаттары «Азаматтық хал актілері» туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша бала тек ата-анасының бірінің ғана тегін ала алатын. Жаңа бастама бойынша балаға әкесі мен анасының тегін қатар беруге рұқсат етілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін

Фото: Depositphotos.com

Қосарланған фамилиялар арасына дефис қойылып, реттілігін (қайсысы бірінші тұратынын) ата-ана өзара келісіп, шешеді.

Қазақстан азаматтары Қырғызстаннан үй сатып ала бастады

Депутаттардың мұндай бастама көтеруіне тұрғындардың өтініші түрткі болған. Мысалы, бұған дейін бір отбасы баласына Титов-Хан деген қосарланған тек бермекші болғанда, АХАТ (ЗАГС) органдары заңға сүйеніп, одан бас тартқан. Егер жаңа заң жобасы қолдау тапса, мұндай мәселелер шешімін таппақ.

Соңғы жаңалықтар